Алматы облысы аумағындағы шектеу шаралары күшейтіледі
Сонымен қатар облыс аумағында шектеу шараларын күшейтуге қатысты аудан, қала әкімдеріне, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, өңірде вирус жұқтырған 8 азаматтың да жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда, қажетті ем шаралары жасалып жатыр. Ал олармен байланыста болғандар анықталып, карантинге алынған.Өз кезегінде облыс әкімі вирус ошағы анықталған үйлердің подъезін немесе маңайын ғана емес, сол үй тұрған ауланы, көшені, тротуарды түгелдей дезинфекциялау қажеттігін еске салды. Елді мекендерді зарарсыздандыруға қажетті техникаларды тарту, дезинфекциялау шараларын дер кезінде және сапалы жүргізу вируспен күрестің нәтижелі болуына ықпал ететін маңызды шара екенін аудан, қала әкімдеріне қатаң ескертті.Амандық Баталов облыс…

