ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Халыққа арналған қаражатқа жемқорлардың арам қолы салынбасын!

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлағандай, 42,5 мың теңге көлеміндегі төлем, карантин уақытында жұмысын жоғалтқандарға ғана төленетіні белгілі болды. Демек, бұл билік жар салғандай, халыққа көрсетілетін "көмек" емес, әр адамның жұмыс істеген уақытында төленген әлеуметтік төлемнің қайтарымы! Яғни, ол көмек емес, сақтандыру қорынан төленетін халықтың өз ақшасы. Яғни, халыққа "көмек" көрсету үшін мемлекеттік қордан бөлінген қаржы қайда кеткені беймәлім!

Жемқорлар халықты ғана емес, Тоқаевты да ақымақ қылып отыр!

Осыған байланысты, коронавирус індетімен күреске, бизнесті қолдауға және халыққа көмек беру үшін бөлінген барлық қаражат ашық, жариялы түрде жұмсалып, қоғамның, Есеп комитетінің және Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қадағалауында болуы керек!

Халықты қолдауға арналған қаражатты талан-таражға салған немесе дайындық жасаған жемқорлар қылмыстық жазаға тартылсын!

"Оян, Ұлы Елдің Ұрпағы" Ұлттық қозғалысы

30.03.2020 ж.