Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі 1 млн. гектарға жуықтады!

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, көктемгі дала жұмыстары 10 наурызда басталған.

Бүгінде облыс бойынша 157,4 мың гектар жер жыртылып, барлығы 51,0 мың гектарға дән егілді, соның 36,6 мың гектары масақты дәнді дақыл (арпа мен бидай - 21,5 мың га, жаздық дақыл – 15,1 мың га), 3,3 мың гектары дәнді дақыл (мақсары – 3,3 мың га), 2,3 мың га картоп, 4,7 мың га көкөніс (пияз, сәбіз, қызыл қызылша, редис, салаттар), 0,2 мың га бақшалық (асқабақ, қарбыз) және 4,9 мың га мал азығы дақылдары (бір және көпжылдық). Оған қоса 109,6 мың га күздік дақылдар (бидай – 97 мың га, арпа – 12,4 мың га) себіліп, 223,2 мың тонна тұқым салынды.

«Жетісу» ӘКК» АҚ арқылы облыстың 548 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 14,2 мың егіс бірлігі көлемінде қант қызылшасының жоғары өнімділікті тұқымы сатып алынған. Көктемгі дала жұмыстарын несиелеу үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жыл басынан бері 13 заем алушыға 167,1 млн. теңге сома несие берді.

Жалпы қазіргі кезде алқап жұмыстарына 33,8 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникалары тартылып, қамтылу деңгейі қазіргі кезде 97 % құрайды.

Көктемгі егіс жұмыстары облыс басшылығының тұрақты бақылауына алынған және бұл жұмыстарды 25 мамырға дейін аяқтау көзделіп отыр.

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:

«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты https://www.zhetysu.gov.kz»

0
0
248

Осы тақырып бойынша

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі 1 млн. гектарға жуықтады! - Yvision.kz