«Уақыт тынысы» бағдарламасы FM 101.2
2020 жылдың 30 наурыз күні БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.Самет FM 101.2 желісіндегі облыстық радионың «Уақыт тынысы» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.
Бағдарлама барысында Н.Самет радиотыңдаушыларды Агенттіктің негізгі жұмыс бағытымен таныстырды, сонымен қатар қызмет атқару кезінде ереже мен талаптарды сақтау барысында туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тоқталды.
Сонымен қатар, Н.Самет елімізде енгізілген төтенше жағдай кезінде тұрғындарды адал, парасатты болуға және мемлекет пен азаматтардың мүддесіне шынайы қызмет етуге шақырды.
Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады, Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.
