Мазмұнға өту

Жаңа

Конституциялық сот: азаматтардың құқықтарын қорғау және заңдарды жетілдіру

Эльвира Азимова: ➤ 2,5 жыл ішінде ведомствоға азаматтардан 11 мыңнан астам өтініш келіп түскенін айтты. ✔️ Конституциялық сот судьялары өтініштерді қарау барысында 5 мыңнан аса құқық нормасын зерделеді. Тексеру қорытындысы бойынша 300-ден астам шешім қабылданды. Соның ішінде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің Конституцияға сәйкестігі тұрғысынан 74 қорытынды қаулы шығарылды. Осылайша, 20 құқық нормасы Конституцияға қайшы деп танылып, 25 құқық нормасына нақты түсіндірме берілді. ✔️ Бүгінге дейін заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы 41 нормативтік қаулы орындалды. Қазір Конституциялық соттың 19 нормативтік қаулысындағы құқықтық ұстанымдары ескерілген 8 заң жобасы Парламент палаталарында қаралып жатыр. ➤ азаматтар егжей-тегжейлі құқықтық кеңес алу үшін Конституциялық сот…

0
0
119

Жаңа Haval H5 тест-драйвы: рессорсыз рамалы жол талғамайтын көлік

Қытайлық көліктер тек қарапайым алдыңғы жетекті кроссоверлермен шектелген кезең артта қалды. Бүгінде Ресей нарығында түрлі құрылымдағы және әртүрлі жетекті модельдер бар. Солардың ішінде ең көп назар аудартқаны — жаңа Haval H5. Бұл – ұзындығы бес метрге жуық, Part-Time толық жетегі бар рамалы жол талғамайтын көлік.

1
0
1303

Қазақстан Президенті Тәжікстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонды Тәжікстанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

– Елдеріміз ғасырлардан тамыр тартатын дәстүрлі достық пен өзара қолдауға, халықтарымыздың түпкі мүддесіне арқа сүйеп, шын мәнінде, стратегиялық серіктес әрі одақтас ретінде қарым-қатынас құра алды. Бірлесіп екіжақты, сондай-ақ аймақтық, халықаралық ынтымақтастық деңгейінде қазақ-тәжік ықпалдастығының әлеуетін таныта беретінімізге сенімім мол, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас тәжік халқына бақ-береке тіледі.

t.me/aqorda_resmi

0
0
151

Buhta Starlink пайдаланушылары үшін чектерді фискализациялайды

Тамыз айынан бастап Қазақстанда ресми түрде Starlink спутниктік интернеті қолжетімді болды. SpaceX компаниясының қызметі енді жеке қолданушыларға да, бизнеске де ұсынылуда. Алайда заң аясында толыққанды жұмыс істеу үшін төлемдерді фискализациялау жүйесіне жергілікті интеграция қажет еді. Бұл міндетті қазақстандық финтех-компания «Бухта» өз мойнына алды.

0
0
1469

Спорт, мәдениет және өнер: жаңа заманның мүмкіндіктері

Келесі мәселе. Бұл – жасанды интеллекті дәуіріндегі мәдениет пен өнердің дамуы. Осы салаға бұрынғыдай айрықша мән береміз, тиісті инфрақұрылымды саламыз және қажет болса жөндеуден өткізіп, қалпына келтіреміз. Өнер адамдары еліміздің мәдениетін, салт-дәстүрін шетелге паш етіп жатыр. Бұл – құрметке лайық жұмыс. Сондықтан мәдениет қайраткерлеріне қажетті қолдауды көрсетеміз. Бірақ олар жаңа заманның талабына бейімделіп жұмыс істеуі керек. Баршаңызға мәлім, мен бұқаралық спортты дамытуға баса мән беремін. Аймақтарда спорт нысандары бой көтеріп жатыр. Үйірмелер балаларға қолжетімді бола бастады. Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға және егде адамдарға арналған спорт клубтары ашылып жатыр. Сондай-ақ кәсіби спорт саласында оң өзгерістер болып жатыр. Мен бұған дейін шетелден келген спортшыларға бюд…

0
0
160

Қазақстанның болашағы: Жастар, патриотизм және заманауи даму

«Қазіргі көкірегі ояу жас ұрпақ отаншылдық деген сөзді басқаша қабылдайды. Жастардың басым көпшілігі әсіредіншілдікті, әсіреұлтшылдықты қолдамайды. Олар үшін патриотизмнің басты көрсеткіші – жасампаздық пен жаңашылдық. Жастар «Елді сүю дегеніміз – халыққа пайдасы тиетін жаңалық ашу, жаңа іс бастау» деп түсінеді. Олар Қазақстанды дамыған, көркейген мемлекет ретінде көргісі келеді. Заманауи технологияларды меңгеріп, халқымызды озық ойлы ұлттардың қатарына қосуға талпынады. Өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм – болашаққа деген шынайы ұмтылыс. Бұл – қоғам санасында болып жатқан өзгерістің айқын көрінісі. Мен мұны толығымен қолдаймын. Жастардың күш-жігеріне, олардың дарыны мен біліміне сенемін. Біз кеше кім болғанымызды ұмытпаймыз. Төл тарихымызға құрметпен қараймыз. Ал келешекте кім болатын…

0
0
217

«Таза Қазақстан»: Экологиялық болашаққа қамқорлық

«Қоршаған ортаға жанашыр болу, оған үлкен жауапкершілікпен және шынайы қамқорлықпен қарау ұлттық идеологияның өзегі болуы керек. Былтырдан бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр, бұл баршаңызға аян. Осы жұмысқа миллиондаған азаматымыз атсалысуда. Жұрт болып жұмылудың арқасында 860 мың гектардан астам аумақ тазаланды, төрт миллионнан астам ағаш отырғызылды. Осындай белсенді жұмысты жалғастыра берсек, аңсаған арманымызға жетіп, Қазақстан нағыз жасыл ел болмақ. Ал бұл келешек ұрпаққа керемет үлгі-өнеге және өсиет болып қалары анық. Мұны ел ішінде жаппай қолдау тапқан жасампаз құндылықтардың жарқын көрінісі, халқымыздың игі істерге деген ұмтылысы деп түсінген жөн. Осы жұмысқа атсалысып жүрген азаматтарға, әсіресе, жастарға ризашылығымды білдіремін. Тазалық мәдениетін қ…

0
0
325

Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бастамалары: институционалдық жаңғыру жолында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа саяси бастамаларының негізгі қырлары. Ұсынылған парламенттік реформа президенттік саясаттың «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» басты формуласын дамытады. Референдум өткізу жөніндегі ұсыныс Президенттің ел болашағын айқындайтын түйінді мәселелерге қатысты тек қана келісе отырып шешім қабылдау қағидатының өзгермейтінін көрсетті. Президент осымен бірнеше рет алдағы саяси жоспарларын алдын ала әрі ашық жариялады. 2022-2023 жылдардағы реформалар да, АЭС салу жөніндегі референдум да кезінде күні бұрын хабарланған болатын. Осы тұста айрықша атап өтерлігі, әңгіме Конституцияға жедел түрде өзгерістер енгізу немесе Парламент сайлауын жариялау туралы болып отырған жоқ. Мақсат бұл емес. Бастыәрі негізгі мақсат – саяси жүйенің институциона…

0
0
167

Қазақстанның жаңа цифрлық стратегиясы: технологиялық серпіліс жолында

Биылғы Жолдаудың біріктіруші идеясы – цифрландыруды кең көлемде дамыту және жасанды интеллектіні жаппай енгізу. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың түрлі салаларына цифрландыру мен жасанды интеллект құралдарын жеделдетіп енгізу міндетін жүктеді. Бұл қадамның барлығы жинақтала келіп, Қазақстанның жаңа Ұлттық цифрлық даму стратегиясына біріктіріледі.

Қазақстан жаңа технологияларды дамыту мен енгізуде кешенді әрі жүйелі шешімдер қабылдаған әлемдегі алғашқы елдердің бірі болып отыр. Бұл ретте Қазақстан болашақта технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекет атануды көздейді.

Осылайша, биылғы Жолдауда цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізу біздің ел үшін жаңа ұлттық идея ретінде айқындалды

0
0
157

Цифрландыру мен жасанды интеллект: Қазақстанды дамытудың жаңа стратегиясы

«Біз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуымыз қажет. Ол үшін, ең алдымен, Цифрлық кодексті тезірек қабылдаған жөн. Бұл заңда цифрландыру үдерісінің негізгі бағыттары, соның ішінде жасанды интеллект, платформалық экономика, үлкен дерекқорларды пайдалану және басқа да мәселелер айқындалуға тиіс. Жаңа технологиялық қалыптың ажырамас бөлігіне айналу үшін бүкіл мемлекеттік басқару жүйесін қайта құрып, оның азаматтар мүддесіне сай болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ, ашықтығы мен тиімділігін еселеп арттыру керек. Сондықтан қазіргі құзырлы министрліктің негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын. Жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы керек. Үкімет экономиканың…

0
0
159