Мазмұнға өту

Жаңа

Цифрландыру мен жасанды интеллект: Қазақстанды дамытудың жаңа стратегиясы

«Біз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуымыз қажет. Ол үшін, ең алдымен, Цифрлық кодексті тезірек қабылдаған жөн. Бұл заңда цифрландыру үдерісінің негізгі бағыттары, соның ішінде жасанды интеллект, платформалық экономика, үлкен дерекқорларды пайдалану және басқа да мәселелер айқындалуға тиіс. Жаңа технологиялық қалыптың ажырамас бөлігіне айналу үшін бүкіл мемлекеттік басқару жүйесін қайта құрып, оның азаматтар мүддесіне сай болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ, ашықтығы мен тиімділігін еселеп арттыру керек. Сондықтан қазіргі құзырлы министрліктің негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын. Жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы керек. Үкімет экономиканың…

0
0
164

Елде инвестициялық саясатты түбегейлі жаңарту қажеттілігі

Еліміздегі инвесторлармен қарым-қатынас жүйесі күрделі әрі бытыраңқы. Қағазбастылық көп, түрлі органдардың құзыреттері қайталанады. Ал, қазіргі күрделі ахуал кезінде инвестиция тарту – кезек күттірмейтін мәселе, бізге жаңа ұстаным керек. Қалай болса да, инвестиция тарту бойынша барлық үйлестіру жұмысы тікелей Премьер-министрге жүктеледі. Жаңа министрлік құрудың қажеті жоқ. Бірақ, көзге оттай басылатын нәрсе: елімізде бірде-бір мекеменің атауында инвестиция деген сөз жоқ. Инвестиция тіпті, жетім бала сияқты үш-төрт мекемеге ортақ мәселе болып, өз жолын таппай жүр. Сондықтан Премьер-Министр он күн ішінде нақты ұсыныс беруге тиіс. Бұдан бөлек, Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғырту жөніндегі нақты іс-шаралар жоспарын мейлінше қысқа мерзім ішінде әзірлеуді тапсырамын. t.me/aqorda_re…

0
0
157

Ұлттық қорды инвестициялық дамыту: жаңа мүмкіндіктер мен стратегиялар

«Меніңше, Бас прокуратураның Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитетінің атауын Инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі комитет деп өзгертетін кез келді. Бас прокуратура заңсыз актив иелерімен өнімді жұмыс істегенін айта кету керек. Соның нәтижесінде, қазынаға 850 миллиард теңгеге жуық қаржы қайтарылды. Бұл қаражат он мектеп, төрт спорт ғимаратын салуға, 235 денсаулық сақтау нысаны мен 177 су инфрақұрылымы нысанының құрылысына және жөндеу жұмыстарына бөлінді. Республикалық бюджетке тағы қосымша қаражат түспек. Бұдан бөлек, инвесторларға ұсынылатын салық жеңілдіктерін мұқият ойластырып, байыппен қолданған жөн, ел экономикасы үшін маңызы, пайдасы бар жобаларға басымдық берілуге тиіс. Жалпы инвестициялық келісім жасау тәсілі өз тиімділігін көрсетті. Біз Ұлттық қордың тұрақты даму құралы…

0
0
143

Қазақстанда цифрлық активтер мен банк жүйесін дамытудың стратегиялық бағыттары

«Экономикамыздың жоғары технологиялық салаларына бір миллиард долларға дейін инвестиция тарту туралы бағдарлама әзірлеу қажет. Оны Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп дайындауға тиіс Жаңа инвестициялық кезеңді ойдағыдай бастау маңызды. Екінші дәрежелі банктер нақты секторға белсенді түрде қаржы салуы керек. Бұл мәселе қоғамда баяғыдан қызу талқыланып жатыр. Осы жұмысты көп созбай қолға алу қажет. Қазақстандағы банктердің активтері мен қаражаты дамыған елдерге қарағанда орта есеппен бірнеше есе көп пайда әкеледі. Себебі, біздің банктер экономикаға несие бергеннен гөрі қаржылық тәуекелі төмен бағыттарға ақша салғанды жөн көреді. Осы мәселені депутаттар, сарапшылар үнемі көтеріп жүр. Ұлттық банк пен Үкімет банктердің ақшасын экономикаға барынша тартудың тиімді тәсілдерін табуы қажет. Енді бұл мәс…

0
0
181

Alatau City: Қазақстанның инновациялық технополисі

«Қарқынды өсіп келе жатқан көптеген мемлекетте даму көшінің басында жүретін қалалар инвестициялар мен технологияларды өзіне тартатын полюске айналған. Алатау қаласы еліміздің жаңа іскерлік және инновациялық орталығы болуға тиіс. Жалпыұлттық маңызы бар осы жобаны жүзеге асыру үшін арнайы жер бөлінді, бастапқы жоспарлау жұмысы аяқталды, инфрақұрылымның негізгі желілері қосылды. Жақында Қытайға барған сапарымда әлемнің жетекші компанияларымен құны миллиардтаған қаржы тұратын келісімдер жасалды. Шэньчжэнь жаһандық технополисін салуға қатысқан сондай компанияның бірі енді Alatau City жобасын жүзеге асыруға тікелей атсалысады. Келесі қадам – Alatau City-дің мықты институционалдық негіздерін қалыптастыру.Қаланы ел Үкіметіне тікелей бағынатындай етіп, оған арнайы мәртебе беру туралы жарлықты он к…

0
0
150

Audi A6: бизнес-класс аңызы

Audi A6 – сенімділіктің, мәртебенің және технологияның символына айналған автомобиль. 1994 жылдан бері бұл модель бизнес-седандар сегментінде өз орнын берік сақтап келеді, әрі Mercedes-Benz E-Class пен BMW 5 Series сияқты мықты бәсекелестеріне лайықты жауап болып отыр. Бүгінде A6 – жай ғана көлік емес, ол іскерлік өмірдің, ұзақ сапарлардың және жайлы демалыстың серігі.

1
0
1539

Неліктен Haval H7 толыққанды Dargo-ның орнын баса алмайды

Алғашқы көзқараста жаңа Haval H7 танымал Dargo-ға тікелей балама болып көрінуі мүмкін. Бірақ іс жүзінде олардың арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Екі кроссовердің сыртқы ұқсастығы байқалғанымен, таңдау жасау оңай емес. Келесіде олардың ортақ және ерекше жақтарын қарастырайық.

0
0
1573

Тоқаев Бразилия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Бразилия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Луис Инасиу Лула да Силваны Бразилияның төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтіп, тиімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваның аса жауапты қызметіне табыс, ал Бразилия халқына құт-береке тіледі.

t.me/aqorda_resmi

0
0
171

Конго Демократиялық Республикасы Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары жоспарлануда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 қыркүйек күндері Қазақстанға Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекеди мемлекеттік сапармен келеді

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіліп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланады.

t.me/aqorda_resmi

0
0
178

Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ауқымды жобалар: экономикалық даму және жұмыс орындары

– Бұл бағытта нақты жұмыс істеліп жатыр. Атырау, Павлодар, Шымкент қалаларында орналасқан үш ірі мұнай өңдеу зауыты жаңғыртылды. Соның арқасында біз ішкі нарықты сапалы жанар-жағармаймен толық қамтамасыз етіп отырмыз. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде 13 миллионға жуық адам табиғи газға қол жеткізді. Қазір бұл бағытта бұрын-соңды болмаған ауқымды жобалар іске асырылуда. Қашағанда жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы жүріп жатыр. «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісі салынуда. Сондай-ақ біз қосымша құны жоғары өнімдер шығаруды қолға алдық. Мұнай-газ химиясы саласында бірқатар ірі жобаны іске қосамыз. Мұның бәрі 20 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Соның ішінде полиэтилен зауытын ерекше атап өткім келеді. Бұл – шетел инвесторларымен бірге іске асырылып жатқан маңызды жо…

0
0
205