Мазмұнға өту

Жаңа

Абай ауданында өнеркәсіптің дамуына серпін беретін жобалар іске қосылды

Абай ауданында өндіріс саласында жаңа жобалар қолға алынып, аймақтың экономикалық әлеуеті артып келеді. Бұл туралы аудан әкімі Мейіржан Смағұлов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

0
0
153

Биыл «Семей – Қарауыл» жолының 20 шақырымы жөнделді

Абай ауданында инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Мейіржан Смағұлов мәлімдеді.

0
0
151

Қазақстан мен Конго арасындағы достық және стратегиялық ынтымақтастық нығаяды

Президент бүгін екі ел жылнамасындағы тарихи күн екенін атап өтті. – Қазақстан Республикасы мен Конго Демократиялық Республикасы арасындағы қарым-қатынастар тың қарқын алуда. Ең алдымен, Президент Феликс Чисекеди мырзаны Қазақстанда алғашқы мемлекеттік сапармен қарсы алу – біз үшін үлкен құрмет. Конго Демократиялық Республикасы – Қазақстанның Африка құрлығындағы маңызды әрі сенімді серіктесі. Екі ел арасындағы байланыстар берік достық пен өзара құрметке негізделген. Қазақстан Конго Демократиялық Республикасымен түрлі саладағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі. Ықпалдастықты ерекше серпінмен тереңдету үшін барлық мүмкіндік бар. Жоғары деңгейдегі саяси ниетіміз – ортақ, сауда-экономикалық әлеуетіміз – мол, мәдени-гуманитарлық саладағы мақсат-міндеттеріміз бір. Бүгінгі келіссөз қорытындылары…

0
0
270

Абай облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру жолдары талқыланды

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын өңірде жүзеге асыру бойынша кеңес өтті.

0
0
153

Феликс Чисекеди: Орталық Азия мен Африка арасындағы ынтымақтастық жаңа кезеңде

– Халықтарымыз арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бар күш-жігерімді саламын. Өз елімнің, сондай-ақ тұтас Африка құрлығының мүддесіне сай келетін ықпалдастықтың жаңа бағыттарын іздеп, оны одан әрі дамытуға ұмтыламыз. Орталық Азия өңірі әзірге Африкаға аса таныс емес. Сондықтан бүгінгі және болашақтағы ынтымақтастығымыз қос құрлық арасындағы байланыстар тарихында маңызды кезең болатынына сенімдімін, – деді Феликс Чисекеди.

t.me/aqorda_resmi

0
0
160

Қазақстан мен Конго: Стратегиялық ынтымақтастық пен экономикалық серіктестік кеңейді

🇰🇿🇨🇩Қазақстан мен Конго Демократиялық Республикасының президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасы Президентінің елімізге алғашқы сапарын тарихи сәт ретінде атап өтіп, оның Астанаға үлкен делегациямен келуін қазақ халқына көрсеткен зор құрмет деп бағалады. – Дипломатиялық қатынастардың орнағанына көп уақыт бола қойған жоқ. Соған қарамастан өзара сенім мен достыққа негізделген ынтымақтастық дамып келеді. Бүгінгі келіссөздер Астана мен Киншаса арасындағы байланысты жаңа белеске көтереді, тиімді әріптестік орнатуға мүмкіндік береді. Конго Демократиялық Республикасы – Қазақстанның Африкадағы маңызды серіктесі. Екі ел арасындағы қарым-қатынастың келешегі зор деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы бүгінгі уағдаласт…

0
0
139

Қазақстан мен Конго: Халықаралық ынтымақтастық пен бейбітшілік диалогы

– Біздің мемлекеттеріміз географиялық тұрғыдан бір-бірінен алшақ орналасса да, халықтарымызды егемендік пен территориялық тұтастықты құрметтеу, диалог арқылы бейбітшілікке үндеу секілді ортақ құндылықтар біріктіреді. Конго Демократиялық Республикасы халықаралық қоғамдастықтың, соның ішінде Қазақстанның ең қиын сәттерде көрсеткен қолдауын ешқашан ұмытпайды. Қазақстан БҰҰ аясындағы белсенді ұстанымымен Конго халқына жанашыр екенін дәлелдеді. Сондықтан Сізге шынайы ризашылығымызды білдіруге рұқсат етіңіз, – деді КДР Президенті. Феликс Чисекедидің айтуынша, Қазақстан ядролық қарудан бас тарту және бейбітшілікті сақтау үшін дәйекті диалогты ілгерілету арқылы қауіпсіздік пен дамудың өте маңызды екенін көрсетті. Бұл – әлем жұртшылығына үлгі. Келіссөз барысында екіжақты сауданы дамыту, көлік-логи…

0
0
154

Алматыда заманауи өнер музейі – Almaty Museum of Arts ашылды

2025 жылдың 9 қыркүйегінде Алматыда кәсіпкер, әрі меценат, коллекционер Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts заманауи өнер музейі ашылды. Almaty Museum of Arts-тың миссиясы – заманауи өнер үдерістерін қолдау және зерттеу, олардың әлемдік мәдениеттегі маңызын ашу. Музей қорына Қазақстаннан және басқа да елдерден жиналған 700 өнер туындысы енді. Музейдің көркемдік стратегиясы мен бағдарламалық мазмұнын көркемдік жетекші Меруерт Қалиева әзірлейді. Музейде екі жоба ашылды. Оның бірі – «Қонақтар» атты музейдің өз коллекциясы қойылған көрме және қазақстандық суретші Алмагүл Меңлібаеваның «Мен бәрін түсінемін» атты ретроспективалық экспозициясы. Музейдің ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, музейдің негізін қа…

0
0
213

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінімдер қабылдау: Жастарға мүмкіндіктер ашылды

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінімдер қабылдау жалғасады Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жастардың бастамасын қолдау мақсатында 2021 жылдан бастап «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындады. 2025 жылдың 16 маусымы мен 18 тамызы аралығында өтінімдерді қабылдау [email protected] поштасы арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде үміткерлерден 1 391 өтінім («Ғылым» -130, «Мәдениет»-131, «Ақпараттық технологиялар» -218, «Бизнес» - 644, «Медиа»- 145, «Волонтерлік» - 123) келіп түсті. Оның ішінде 186 адамның құжаттары тексеріліп, ұйымдастырушылар тарапынан қабылданды ( тізімді сілтеме бойынша көре аласыз https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/856999?lang=kk). Өтінімдердің көптігіне байланысты 5 қыркүйек күні таңғы сағат 5:00-ден бастап Gmail-…

0
0
253

Қатар мемлекетінің егемендік құқығын қорғау: халықаралық қағидаттар

Қандай мақсатты көздесе де, мұндай әрекетке жол беруге болмайды. Бұл Қатар мемлекетінің егемендік құқығын бұзады және халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келеді.

t.me/aqorda_resmi
0
0
196