2020 жылдың 15 мамыр күні Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанындағы ақпараттық-насихат штабының жетекшісі, «Jas Otan» ЖҚ БҚО жетекшісі Н.Қ.Жолдасқалиевтің қатысуымен брифинг өтті.Департамент жанындағы облыстық ақпараттық-насихат Штабы 2019 жылдың желтоқсан айында құрылды. Оның құрамында әр саланың зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, қоғам қайраткерлері, жастар және т.б. бар. Мысалы, Самбо күресінен Әлем чемпионы, Самбо күресінен ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі, ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрбол Нәсіпкерейұлы Серіков насихатшылар қатарында.Жалпы Штабпен 30 астам кездесулер ұйымдастырылған. Instagram әлеуметтік желісінде Anticor_shtab_zko парақшасы ашылып…