«Күндізгі және қашықтықтан оқыту кезінде КОБ-ды ағылшын тілі сабағында қолдану»
Қазіргі заман талабына сай ақпараттық коммуникациялық технологияны білім беру жүйесінде пайдалану кең көлемде өріс алып жатыр. Сапалы білім беру қазіргі уақытта оқу процесін ұйымдастыруда жаңа әдістермен қатар әр түрлі компьютерлік бағдарламаларды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап етеді. Оқу процесінде жаңа ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу және тасымалдау компьютерлік техника негізінде жүзеге асуы білім беру жүйесінің дамуының негізгі шарты болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияның көмегімен компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдану бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік деңгейге енгізу басты мақсат болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім беру жүйесінің барлық салаларына ақпараттық технологияны енгізу білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты болып табылады.
Компьютерлік оқу бағдарламалары арқылы ағылшын тілін сабағын өткізу оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылығын арттырады, тиянақты білім алуына жағдай жасайды. Ағылшын тілі сабағы барысында келесі компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдануға болады. Мысалы: Self English, Hangman, English Practice, Merits, Active Studio, English on holidays, Bridge to English , Triple play plus in English т.б. Аталған бағдарламалар оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, сонымен қатар олардың сөздік қорын көбейтіп, есте сақтау қабілетін, дұрыс оқу, сауатты жазу мен аудару дағдыларын дамытуға көп септігін тигізеді. Бұл бағдарламаларды бірнеше топқа бөліп қарастырар болсақ әрқайсысының өз атқарар функциясы бар. Мысалы, оқушылардың сөздік қорын, коммуникациясын дамытуда Hangman , Self English, English Practice бағдарламалары, лексиканы меңгертуде Triple play plus in English, English on holidays, сауатты, көркем жазуға үйретуде жазуда Bridge to English, Active Studio бағдарламаларын пайдаланып, ағылшын тілін меңгерту барысын қызық әрі жеңіл өткізіп, тиімділігін арттыруға болады. Білім беру процесінде компьютерлікоқыту бағдарламаларын пайдаланудың жақсы жақтары: аудио-визуалды тапсырмалар, түрлі-түсті иллюстрациялар, әр түрлі анимациялар, қызықты тапсырмалар оқушылардың назарын сабаққа аудартып қана қоймай, тіл үйренуге деген ынтасын арттырады.
Қашықтықтан білім беру мүмкіндігін ұсынатын оқу орындарында да компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдану кең көлемде өріс алып жатыр. Білім порталдары, электрондық оқулықтар, электрондық журнал – білім беру жүйесін ақпараттандырып жаңа сатыға көтеруде тиімді құрал болып табылады. Сабақ барысында оқушылардың сөйлеу дағдысын, коммунакиялық қабілеттерін дамыту әдістемесі бойынша оқушылардың материалды меңгеру дәрежесіне байланысты әрбір оқушыға компьютерлік оқыту бағдарламалары ұсынылып, дербес жұмыс жасауға мүмкіндік беріледі. Әр сабақта және сабақтан тыс уақытта да дағдылардың төрт түрі де қолданылады: тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу. Сонымен қатар conversation, grammar focus, role play, pronunciation жаттығулары да орындалады. Осылай компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдану арқылы білім алушылардың қызығушылығын арттыра отырып, ойлау деңгейін дамытып, оқу процесіне қатысушылардың қабылдау мүмкіндіктерін арттырады.
