Бір жағынан ай туып, Бір жағынан күн туып, Жарық көрді Алашы!
Жалғасы, осы тақырыптағы алдыңғы посттар: «Салуалы ордам қонған жұрт», https://yvision.kz/post/859340; «Күнгейдің ол да қыран шаһибазы», https://yvision.kz/post/859230, «Батырлар мен әулиелер заманы», https://yvision.kz/post/858731Мен күнгейлік қазақтардың әдемі архаикалық лексикасын (сөз қоры, оны саптау) және тілінің табиғи мелодикасын (әуенін) алғашқы арғы жақтан келген әкемнің қарындасы Рысжан апамнан анық естідім. Әкемнің тілі, Қабдеш Жүмаділовтың кітаптарының тілі – ол да керемет, бірақ орыс - сәбет лексикасының әсері әйтседе де бар. Рысжан апамның тіліннің сөзі мен әуеніне рахаттанып жүр едім - мама қаздай (бір келіні туралы), кертінге дейін, тұрқы қандай, шөре-шөре болып отырсыңдар, өзі бір жәйіл екен (бауырым туралы), марқадам табу, әрең жүрген сәуірік немелер – кенет арасынан бі…