Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Jas Otan» медицина қызметкерлерін қолдау акциясын бастады

«Nur Otan» партиясының «Jas Otan» жастар қанаты медицина қызметкерлеріне иммунитетті көтеретін азық-түлік топтамасы бар «алғыс пакеттерін» тарататын «Дәрігерлерге мың алғыс!» акциясын іске қосты. ­ «Біздің 100-ден астам волонтерлар осылайша бірнеше апта бойы медицина қызметкерлеріне қолдау көрсететін болады. Осы акция арқылы біз азаматтарымыздың өміріне араша түсіп жатқан «ақ халатты батырларға» мейірім көрсеткіміз келеді», - деп атап өтті «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев. ­ Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында белсенділер осы уақытқа дейін 30 инфекциялық аурухананың жүмысшысыларына мың жарым «алғыс пакетін» таратты. ­ Осымен қатар, осындай акциялар бүкіл елімізде өткізіледі. ­ Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысындағы жасотандықтар медицина қызметкерлерін бір ай бойы қымызбен қамтамасыз ететін болады. Маңғыстау облысында да дәрігерлерді сүт өнімдерімен қамтып жатыр. ­ Түркістанда волонтерлар 24 сағат бойы жергілікті ауруханаларға оттегі балондарын толтыру цехтарынан жеткізіп, кері әкеліп тастауға ат салысуда. ­ Ал, Қызылорда облысында «Jas Otan» жастар қанаты белсенділерінің үндеуіне көгалдағы хоккей – «Қайсар» командасының спортшылары да үн қосты. Спортшылар медициналық қорғаныс заттарын, оттегі балондарын және тыныс алу аппараттарын алуға көмектесті. ­ Атап өту керек, акцияға қатысқан барша волонтерлар жеке қорғаныс заттарымен қамтылған.

2
0
202

Осы тақырып бойынша

«Jas Otan» медицина қызметкерлерін қолдау акциясын бастады - Yvision.kz