Мазмұнға өту
AMANAT
AMANAT

AMANAT

101 жазбалар4 тіркелуші

Партия AMANAT

Қашанда «Nur Otan» игі істердің басынан табылып, елге қажетті бастамаларды тынымсыз атқара бермек

Түгел түркі тәу етер көне қала жаңа мәртебеге ие болғаннан кейін құрылыс қарқынды жүріп, қысқа уақытта шаһар келбеті қайта түледі. Зәулім ғимараттар мен заманауи әлеуметтік-мәдени нысандар бой көтерді.

Солардың бірі – қасиетті қалада Елбасының қолдауымен салынып, пайдалануға берілген Түркістан музыкалық драма театры. Бұл мәдени нысанның ашылу рәсіміне Тұңғыш Президенттің өзі арнайы қатысып, театр ұжымымен кездескен болатын.

Оңтүстік өңірге жұмыс сапары барысында осынау өнер ордасына барып, театр шымылдығын тұңғыш ашып отырған белгілі жазушы, драматург Дулат Исабековтің пьесасына қойылған «Бөрте» спектаклін тамашаладым. Көрермендер қатарында республикамыздың белгілі зиялылары, мәдениет саласының өкілдері, сондай-ақ өңірдің кәсіпкер меценаттары түгелдей дерлік болды.

Қойылымға арқау болып отырған Бөрте – әлем тарихындағы бірегей тұлға, дүниені дүр сілкіндірген ұлы қолбасшы Шыңғысханның жан жары. Қазақ хандығын әйгілі Алтын Орданың ізін басқан мұрагері санасақ, оның негізін қалаған Жошы ханның анасы – осы Бөрте ханым. Осынау ғажайып тұлғаның өмірін өзек еткен бұл қойылым тарихи астары терең, тәрбиелік мәні зор туынды ретінде көрермендердің көңілінен шығып, өрісті болатынына сенімдімін.

Кез келген қаланың мәні мен мазмұнын арттыратын, интеллектуалдық деңгейін өсіретін сала – мәдениет, білім ошақтары мен көрнекті орындар. Осыған орай «Nur Otan» партиясының Түркістан қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасында туристік нысандар мен киелі орындарды дамыту, Күлтөбе қалашығын қалпына келтіру, көрнекті тұлғалары мен тарихи мұраларын танымал ету секілді көптеген жобаларды іске асыруға ықпал ету көзделген. Қазіргі таңда Түркістан музыкалық драма театры, «Ұлы дала» орталығы, «Farab» кітапханасы, Этноауыл, «Керуен-сарай» туристік кешені және т.б. іске қосылған.

Қашанда «Nur Otan» игі істердің басынан табылып, елге қажетті бастамаларды тынымсыз атқара бермек.

Сілтеме

0
0
380

«Nur Otan» партиясы жақтастарының zoom-конференциясы

Ол үшін ең бірінші халықпен тікелей байланыс орнатуды жүйелеген жөн. Кері байланыс орнатудың маңызы зор. Себебі, қазір ел ішінде жергілікті халық проблемасын әлеуметтік желі арқылы жеткізеді. Жанайқайына жаппай халық назар аударса ғана шешілетініне көзі жетіп отыр. Жергілікті шенеуніктерге арыз-шағымын айтып барса, шенеуніктер қарапайым тұрғындардың проблемасына салғырт қарайды. Әр ауыл, аймақтың проблемалары қордаланып, уақытылы шешімін таппаған соң, жиналып қоғамда дау-дамай тудырады. Жергілікті шенеуніктердің салғырттығы, ауыл тұрғындарының проблемасына немқұрайды қарауы халықты ашу-ызасын келтіреді.

Сондықтан елдің айтарын тыңдап қана қоймай, оның проблемасын шешуде кері байланыстың жолдарын жетілдіру керек. Белгілі бір мәселенің шешімін тапқанына ел соңына дейін көз жеткізбесе, сенбейді.

Партияның праймеризі туралы Жетісу жастары әлеуметтік желіден біліп, хабардар болып жатыр. Тоғыз баланы бағып-қағып отырған көпбалалы ана болғандықтан, қоғамда болып жатқан өзгерістерге жете мән беремін. Қоғамдағы кез келген проблемаға бей-жай қарауға болмайды. Әрбір мәселе дер уақытында, уәде берген кезінде шешілсе, елдің жергілікті билікке деген сенімі артады. Сол үшін еліміздегі саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге әрбір азамат өз пікірін айтып, үлесін қосуы керек.

Праймериз қоғамға қандай өзгеріс әкеледі?

Әлібек ӘЛДЕНЕЙ, «Nur Otan» партиясының хатшысы: Пандемия жағдайындағы «Nur Otan» праймеризі: қауіпсіздік пен ашықтық

Нұротандықтар тұрғындарға азық-түлік себеттері мен құрбандыққа шалынған мал етін таратты

Алдағы уақытта өтетін «Nur Otan» партиясының праймеризі халықтың тұрмысын түзейтін қозғаушы күшке айналса, біз мақсатқа бірге жетеміз. Қыруар қаржы бөлініп, жүзеге аспай қалған жобаларды сыннан қорытынды шығарып, соңына дейін жеткізуге атсалысайық. Елдің тұрмысы түзелсе, әлеуетіміз артады. Экономиканың дамуына оң ықпал етеді. Халық үшін адал қызмет ететін жастарға мүмкіндік берейік. Халықтың билікке сенімі артады. Қоғамда өзгеріс болуы үшін әрбір адам елдің дамуына өз үлесін қосуы керек. Балаларымның болашағы үшін праймеризге қатысамын. Праймериздің ашық өтуіне Жетісу өңірінен атсалысамын. Қоғамдағы келеңсіздіктерді жою үшін әр адамның санасында серпіліс, өзгеріс болғаны жөн.

1
0
708

Дәрі-дәрмектермен сапалы қамтамасыз ету және бағасын бақылау мақсатында мониторинг жүргізілді!

«Nur Otan» партиясы Ескелді аудандық  филиалы тарапынан аудан тұрғындарын тиісті дәрі-дәрмектермен сапалы қамтамасыз ету және сатып алу бағасын бақылау мақсатында аудандық мәслихат хатшысы Қ.Алпысбаев, «Nur Otan» партиясы Ескелді аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Д. Идрисов, аудандық филиалының консультанты                                Ж. Болатқызы, Қарабұлақ ауылдық округі әкімдігінің өкілі Э. Көмекова құрамында аудан аумағындағы дәріханаларға мониторинг жүргізілді.

Мониторинг барысында дәрі-дәрмектердің негізгі 60 түрі бойынша бағалары белгіленген көрсеткіштерден аспағандығы және біраз дәрілердің сатылымда жоқ екендігі анықталды. 

Қорытындысы бойынша мониторинг тобы тарапынан аудандағы дәріханаларды қамтитын барлық жеке кәсіпкерлерге: дәрілік заттарды, медициналық маскалар мен медициналық термометрлерді, дәрі-дәрмектерді сату кезінде бекітілген бағалардың сақталуын бақылау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған дәріханаға кіре берісте қоңырау және ҚНжЕ талаптарына сәйкес пандустардың  сапалы орнатылуын қатаң бақылауға алу қажет екендігі туралы ескертілді.

________________________________________________

Ескельдинским районным филиалом партии  «Nur Otan» в целях качественного обеспечения жителей района соответствующими медикаментами и контроля закупочных цен был проведен мониторинг по аптекам района в составе секретаря районного маслихата К.Алпысбаева, первого заместителя председателя районного филиала партии «Nur Otan»             Д. Идрисова, консультанта районного филиала партии Ж.Болаткызы, представителя акимата сельского округа Карабулак Э.Комековой.

В ходе мониторинга выяснилось, что цены по 60-ти основным видам лекарственных средств не были  превышены  установленным показателям, но, в то же время некоторые медикаменты отсутствуют в продаже.

В итоге проведенного объезда мониторинговой группой всем индивидуальным предпринимателям, содержащим аптеки в районе были даны разъяснения и рекоммендации: о необходимости контроля за соблюдением утвержденных цен при продаже лекарственных средств, масок и медицинских термометров, качественной установки пандусов и звонков у входа в аптеку для лиц с ограниченными возможностями.

1
0
379

«Сенім мен сынаққа толы жыл болды»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың : «ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАҒДЫРЫ ТАРИХ ТАРАЗЫСЫНДА ТҰР» атты «Ана тілі» газетіне арнайы берген сұхбатымен танысып шығып, өзіме бірнеше ой түйдім.

 Бұл сұхбатында Мемлекет басшысы еліміздегі болып жатқан індеттен (пандемиядан) халықты аман-есен алып қалу жолдары қарастылып, жағдай жасалып жатқандығы туралы айтып, халықты сабырлыққа шақырып яғни," Кемедегінің жаны бір" демекші, аурудың адам талғамайтындығын, бәріміздің бір ауаны жұтып жатқандығымызды тілге тиек етіп, ауруды асқындырып алмауға үндеп отыр. 

Келесі бір, бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі мемлекеттік тіліміздің мәртебесі екендігі бәрімізге белгілі. Мемлекет басшысы осы отыз жыл ішінде қазақ тілін дамытуға қатысты істелген істерді тілге тиек етіп, Елбасының да айтарлықтай үлесінің бар екендігін, туған тіліміздің қолдану аясын кеңейту үшін көп жұмыстар атқарылғандығын, тілдік проблеманың үлкен саяси мәні мен маңызы бар екендігін, ТІЛ мәселесіне бей-жай қарап, нем-құрайдылық танытатын бол¬сақ, мемлекеттігіміз бен ұлттық қауіп-сіздігімізге қатер төндіріп алуымыз мүмкін екендігіне де тоқталды. Осы орайда, басқа мемлекеттердің жіберген қателіктеріне жол бермей, ұлтаралық араздыққа дейін жеткізбей тілдің мәртебесін көтеру үшін енді не істеуіміз керек екендігі туралы өз ойын сараптап, санамалап берді.


Сонымен қатар, «Еңбекпен тапқан нан тәтті» дейтін ата-бабамыздан келе жатқан еңбек адамына деген ерекше құрметтердің орын алып жатқандығын, қазір елдің еңбекке етене араласуы үшін өзінің берген тапсырмалары аясында Үкімет тарапынан бірқатар бағдарламалар қолға алынып, елдің хал-ахуалының жақсарып келе жатқандығын және де ел мен жерді еңбекпен көркейту үшін жасалып жатқан жаңа қадамдар мен жобаларына да қысқаша тоқталғандығы да болашаққа деген мол сенім ұялатары сөзсіз... 

Қазір «Тойың тойға ұлассын» деп әндетіп, той тойлап жүретін уақыт емес. Бүгінгідей технологияның заманында той-томалақтың әңгімесін айтып, бір-бірін асыра мақтап, ас ішіп, аяқ босатқанға риза кейіпте жүру әдетінен арылу керек-деді Мемлекет басшысы 

2
0
701

«Jas Otan» медицина қызметкерлерін қолдау акциясын бастады ­


«Nur Otan» партиясының «Jas Otan» жастар қанаты медицина қызметкерлеріне иммунитетті көтеретін азық-түлік топтамасы бар «алғыс пакеттерін» тарататын «Дәрігерлерге мың алғыс!» акциясын іске қосты.
­
«Біздің 100-ден астам волонтерлар осылайша бірнеше апта бойы медицина қызметкерлеріне қолдау көрсететін болады. Осы акция арқылы біз азаматтарымыздың өміріне араша түсіп жатқан «ақ халатты батырларға» мейірім көрсеткіміз келеді», - деп атап өтті «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев.
­
Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында белсенділер осы уақытқа дейін 30 инфекциялық аурухананың жүмысшысыларына мың жарым «алғыс пакетін» таратты.
­
Осымен қатар, осындай акциялар бүкіл елімізде өткізіледі.
­
Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысындағы жасотандықтар медицина қызметкерлерін бір ай бойы қымызбен қамтамасыз ететін болады. Маңғыстау облысында да дәрігерлерді сүт өнімдерімен қамтып жатыр.
­
Түркістанда волонтерлар 24 сағат бойы жергілікті ауруханаларға оттегі балондарын толтыру цехтарынан жеткізіп, кері әкеліп тастауға ат салысуда.
­
Ал, Қызылорда облысында «Jas Otan» жастар қанаты белсенділерінің үндеуіне көгалдағы хоккей – «Қайсар» командасының спортшылары да үн қосты. Спортшылар медициналық қорғаныс заттарын, оттегі балондарын және тыныс алу аппараттарын алуға көмектесті.
­
Атап өту керек, акцияға қатысқан барша волонтерлар жеке қорғаныс заттарымен қамтылған. 

2
0
412
Сіз қауымдастық лентасының соңына жеттіңіз