Барлығына қол жетімді қала
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ-нің, "Қостанай-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің, сондай-ақ БАҚ өкілдерімен бірлесіп, халықтың қауқары аз топтары үшін Гашек көшесі мен Назарбаев даңғылы бойындағы жер үсті өткелдерінің қолжетімділігін тексерді. Аталған объектілерді қарау кезінде халықтың қауқары аз топтары үшін табалдырықтардың болуы, көтергіш құрылғыларда талап етілетін тұтқалардың болмауы бөлігінде қол жетімділікті қамтамасыз етуде бұзушылықтар анықталды. Сонымен қатар, Гашек көшесімен жүріп өту жолында мүгедекке кресло-арбамен өз бетінше келу мүмкін емес, өйткені жол асфальтталмаған, ал өткелдің өзі жұмысқа жарамсыз…

