Мазмұнға өту

Жаңа

Оң өзгерістерге бастар жол

Осы бір ойға алған істің ойдағыдай өтуіне ат салысып, қолдау таныту нағыз ұлтжанды азаматтардың атқарар ісі деп ойлаймын.

Болам деген жанның белін буған бағзы бабаларымыздың айтқан тәмсілі жалпыға аян. Белсенді, бастамашыл ұлтқа қызмет еткісі келетін әрбір жанның бағын сынап барын салып көретін үлкен мүмкіндігі. Ендеше түйінді түйткілдің күрмеуін ағытып, қалың бұқараның қалауын орындауға мұрындық болатын бұл бастама біз үшін таңсық болмауы тиіс. Көшбасшылардың ұлт болашағы, ел дамуы жолында тізе қосып, жұмыла жиналуы оң өзгерістерге бастайтынына сенімін мол. Алматы облысы, Талғар ауданының маслихат депутаты Амангелді СЕМБАЕВ

2
1
223

«Nur Otan» партиясы «Праймериз туралы» ережесін жариялады.

Праймериз Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет өткелі отыр. Бұл праймериз ережесі өте дұрыс қарастырылған. Сондай-ақ көпшіліктің көкейінде жүрген көкейкесті мәселелер шешім тапсын десек праймериздің ережесімен мұқият танысқанымыз жөн және 17 тамыз – 3 қазан аралығында өтетін науқанға қатысу барша партияластарымыздың парызы деп санаймын.

Жандос Абилов – Панфилов аудандық мәслихатының депутаты

2
1
183

Қазақстандағы медициналық-әлеуметтік мекемелерде көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту...

Қазақстандағы медициналық-әлеуметтік мекемелерде көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында жұмыс тәсілдері өзгеруде. Оның ішінде биылғы жылдың сәуір айында елді дүрліктірген оқиға орын алған Аягөз балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында бірқатар шаралар қабылданды. МӘМ жұмысын жақсарту тетіктері, әлеуметтік жұмыстың басым бағыттары ведомствоаралық кеңестің отырысында талқыланды.Мекемеде кадрлық өзгерістер болды. Орталықта директор мен медициналық бөлімше меңгерушісі қызметінен босатылды. Директор қызметіне 20 жылдық тәжірибесі бар, бұрын облыстың бас педиатры қызметін атқарған педиатр-дәрігер тағайындалды. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы орталықпен жұмыс бөлімінің бастығы тәртіптік жауапке…

0
0
259

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер үшін лауазымдық міндеттерін орындау кезіндегі мінез-құлықтың кәсіби этикасы бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекітті. Бұл Қазақстан тарихындағы әлеуметтік сала мамандарының жұмысын реттейтін алғашқы құжат. Толығырақ: https://www.gov.kz/…/rekomendacii-po-professionalnoy-etike-… ----------------------------------------------------------------- Министерство труда и социальной защиты населения РК утвердило Методические рекомендации для социальных работников в сфере социальной защиты населения по профессиональной этике поведения при выполнении должностных обязанностей. Это первый в истории Казахстана документ, регламентирующий работу специалистов социальной сферы. Подробнее: https:/…

0
0
214

"Nur Otan" партиясының белсенділері облыстық ауруханаға 10 оттегі концентраттарын табыс етті.

Өз кезегінде мәслихат хатшысы, филиалдың Саяси кеңес Бюро мүшесі Ахажан Темірболат халық қалаулыларына ризашылығын білдіріп, осындай бауырмашылық пен ынтымақтастығымыз жарасқанда ғана қиын белестерді тез өтетінімізді айтты.

2
1
182

Ауданның құрметті азаматы 4 оттегі концентратор аппаратарын тарту етті.

Алматы облысы Ескелді ауданының тумасы, құрметті азаматы Онжанов Нұрлан Баймолдаұлының қолдауымен Ескелді аудандық орталық ауруханасына 4 оттегі концентратор аппаратары Жетысу аулының әкімі Сатанов Қанат Нүсіпжанұлы арқылы табыс етілді.

Осындай қиын-қыстау кезде ауылдастарының қамын ойлап, ерекше қолдау көрсеткені үшін жомарт жанды азаматымыз Нұрлан Баймолдаұлына алғысымыз шексіз!

2
1
253

Достар! «Jas Otan» ЖҚ 2025 жылға дейінгі «Жастар Отанға» бағдарламасының жобасын ұсынамыз.

Негізгі мақсаты - жас қазақстандықтардың жан-жақты дамуын жүзеге асыруы үшін жағдай жасау болып табылады. ⠀ «Жастар Отанға» бағдарламасы негізгі 5 бағытты қамтиды: ⠀ 📷 Азаматтық белсенділік; 📷Сапалы білім; 📷 Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту; 📷 Жас отбасыларды қолдау және қолжетімді баспана; 📷Тұлғалық даму және бос уақытты тиімді өткізу. ⠀ Бағдарламаны тиімді іске асыру үшін жол картасы қабылданады. ⠀ 📷»Жастар-Отанға!» жастар дамуының басты координаты болады. ⠀ Сондықтан бізге әр жас қазақстандықтың пікірі маңызды! ⠀ 📷Бағдарламаның толық нұсқасымен сілтеме бойынша таныссаңыздар болады: http://jasotan.kz/themes/jasotan/assets/docs/JOkz.pdfҰсыныстарыңыз бен пікірлеріңізді күтеміз! ⠀ 📷Gmail: [email protected] 📷Instagram: @jas_otan 📷Facebook: JasOtanJQ ———————————- ⠀ Доро…

2
1
442

Құрметті құрылысшылар!Қадірлі сала ардагерлері!(құттықтау)

Құрылысшы қай уақытта да құрметті және абыройлы мамандық. Сіздер сол талапқа сай өңір аумағында әлеуметтік және өндірістік нысандарды сапалы және мерзімінде іске қосуға атсалысып келесіздер. Қарышты даму жолына түскен облысымызда қазіргі заманға лайықты сәулетті ғимараттар қатары күн сайын өсу үстінде. Қаланың, ауылдың сәнін келтіріп, айшықтандырып тұрған құрылыстарға қалдырған қолтаңба әрқайсыңыз үшін үлкен мәртебе.

Кәсіби мереке қарсаңында сіздерге зор денсаулық, бірлік пен ынтымақ, отбастарыңызға амандық және атқарып жатқан жұмыстарыңыздың жемісті болуын тілеймін! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Құрметпен, Алматы облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев

2
1
426