Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Қазақстандағы медициналық-әлеуметтік мекемелерде көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту...

Қазақстандағы медициналық-әлеуметтік мекемелерде көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында жұмыс тәсілдері өзгеруде. Оның ішінде биылғы жылдың сәуір айында елді дүрліктірген оқиға орын алған Аягөз балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында бірқатар шаралар қабылданды. МӘМ жұмысын жақсарту тетіктері, әлеуметтік жұмыстың басым бағыттары ведомствоаралық кеңестің отырысында талқыланды.

Мекемеде кадрлық өзгерістер болды. Орталықта директор мен медициналық бөлімше меңгерушісі қызметінен босатылды. Директор қызметіне 20 жылдық тәжірибесі бар, бұрын облыстың бас педиатры қызметін атқарған педиатр-дәрігер тағайындалды. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы орталықпен жұмыс бөлімінің бастығы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, Аягөз ауруханасының бас педиатрына қатаң сөгіс жарияланды. Орталық құрамында госпиталь эпидемиологы штаты ашылды.

Сонымен қатар, Еңбекмині карантиндік шектеу шаралары алынып тасталғаннан кейін еліміздегі стационарлық сипаттағы барлық 136 мемлекеттік МӘМ-ге қызмет алушылардың құқықтары мен мүдделерінің сақталуы бойынша кешенді тексеру жүргізу бастамасын көтерді.

Толығырақ: https://www.gov.kz/…/v-mediko-socialnyh-uchrezhdeniyah-kaza…

----------------------------------------------------------------

В медико-социальных учреждениях Казахстана меняют подходы работы в целях повышения качества предоставляемых услуг. В частности, в Аягозском детском центре оказания спецсоцуслуг, где в апреле текущего года произошло резонансное событие, был принят комплекс мер. Механизмы совершенствования работы МСУ обсудили в ходе заседания Межведомственного совета по вопросам приоритетных направлений социальной работы.

В учреждении произошли кадровые перестановки. Были уволены директор и заведующая медицинским отделением центра. На должность директора назначен врач-педиатр с 20-летним стажем работы, ранее занимавшая должность главного педиатра области. К дисциплинарной ответственности привлечен руководитель отдела по работе с центром управления координации занятости и социальных программ акимата ВКО и объявлен строгий выговор главному педиатру Аягозской больницы. В штате центра ввели ставку госпитального эпидемиолога.

Вместе с тем, МТСЗН инициировало комплексную проверку всех 136 государственных МСУ страны стационарного типа на предмет соблюдения прав и интересов услугополучателей, которая начнется после снятия карантинных ограничительных мер.

Подробнее: https://www.gov.kz/…/v-mediko-socialnyh-uchrezhdeniyah-kaza…

0
0
233

Осы тақырып бойынша

Қазақстандағы медициналық-әлеуметтік мекемелерде көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту... - Yvision.kz