Мазмұнға өту

Жаңа

Мен праймеризге қатысамын !

Партия Лидері елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша республикалық «Nur Otan» партиясының партияішілік іріктеу праймеризі қоғам белсенділері үшін тек Nur Otan тізімінде болу ғана емес, өзекті мәселелерді шешу мақсатында қолдануға болатын керемет мүмкіндік. Үгіт-насихат жүргізу және кездесу ұйымдастыру барысында негізгі мәселелерді талқылап және оны шешу мүмкіндігі болатыны анық. Мақсаты – алдағы барлық деңгейдегі мәслихаттар мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, партия органдарының, филиалдарының кандидатураларын ұсыну үшін партиялық тізімдерге енгізіп, көшбасшыларды айқындап кандидаттарды партия ішіндегі алдын-ала іріктеу және мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну болып табылады. Праймериз әдісінің тиімді тұстары: Біріншіден алыс ауылдардағы партияны…

0
0
188

Құрметті Жетісулықтар!

Ел тәуелсіздігінің кепілі - Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғамның негізгі міндеттеріне сай келетіндігін бүкіл әлем жұртшылығы танып отыр. Бүгінде Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет, өркениетті қоғам құру жолында өз бағытын берік ұстанып келеді. Осынау мәні терең, мерейлі мерекемен құттықтай отырып Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел болашағы, халық игілігі жолындағы мақсатты істеріңізге сәттілік тілеймін.

Ізгі тілекпен, Алматы облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев

0
0
216

Праймериз: Алматы облысында 1108 үміткердің өтініші тіркелді

Осы ретте, Алматы облысынан 1108 азаматтың өтініші тіркеліп, ендігі кезекте үміткерлер үлкен додаға қатыспақ. Қатысуға ниет білдірген азаматтардың қатарында 36,4% әйелдер, 35 жасқа дейін 25% жастар құрап отыр. Сонымен қатар, үміткерлер қатарында көпбалалы аналар, қандастар, мүмкіндігі шектеулі жандарда өтінім білдірген. Қатысушылар ҚР Парламент Мәжілісіне сонымен қатар, облыстық, аудан-қалалық мәслихатқа үміткер болу санаты бойынша праймериз арқылы бағын сынамақ. Ендігі кезек, үміткерлер үгіт-насихат жұмысымен дайындықтарын пысықтап, партия мүшелерімен кездесулерге, пікір сайысқа қатысады. Жалпы, праймериз арқылы өңірде 1 мандатқа 3,8 үміткерден айналып отыр. Бұл үлкен бәсекелестікті тудыратыны анық. Соңғы кезең 1-3 қазан күндері жетісулық 92 мыңнан астам нұротандықтар үміткерлерге өз дау…

0
0
170

Бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімі күні

⠀

Сегодня день исторического решения Первого Президента Казахстана Нурсултана Назарбаева

⠀

29 лет назад 29 августа 1991 года был закрыт Семипалатинский ядерный полигон.

#JasOtan #Nurotan #Kazakhstan

#taldykorgan #Almaty #world #полигон

0
0
234

Жұмыссыздық мәселесі шешімін табуда

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы жұмыссыздықпен күресте игі ықпалын тигізіп отыр. Аталмыш бағдарлама шеңберінде 2020 жылдың жеті айында нақты 38 726 жұмыс орны құрылды. Жалпы жылдық жоспар 46 116 болғанын ескерсек, жоспар 84% орындалған. Соның ішінде мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде - 22612, жеке бастамалар бойынша – 16114 жұмыс орны құрылды.Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, тұрақты жұмыс орындарының басым бөлігі, яғни 3426-сы ауыл шаруашылығына және 4110-ы құрылыс саласына тиесілі. Төтенше жағдай режимі кезінде де егіс алқаптары мен құрылыс алаңдарында жұмыс тоқтаусыз жүріп жатты. Сондықтан жұмыспен қамтуда осы екі саланың алда болуы…

0
0
197

Дала даңғайырлары қыс қамына кірісті

Бүгінге 263 мың га дәнді-масақты дақыл (56%), 438 мың тонна дәнді дақыл жиналды, орташа өнімділік гектарға шаққанда 16,7 центнерді құрап отыр. Астықты сыйымдылығы 771 мың тонна болатын 265 астық қоймасы қабылдауда, оның ішінде 58,6 мың тонналық 2 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны да бар.Қант қызылшасы 16,1 мың га алқапқа себілген, 500 мың тонна өнім алып, 48 мың тоннадан астам қант шығару жоспарланған. Бүгінге Ақсу және Көксу қант зауыттары толығымен дайын, қант қызылшасын қабылдау қыркүйектің 2-ші кезеңінен басталады.Сонымен қатар шаруа қожалықтары картоп жинауға да кірісті. Биыл орташа өнімділік 176,1 ц/га құрап отыр, бұл өткен жылға қарағанда сәл жоғары. Бүгінгі күні картоп егілген 40,3 мың га жердің 8,6 мың гектары жиналып, одан 150,8 мың тонна өнім алынды.Бүгінге қажеттінің 75,…

0
0
267

1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялайды.

Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады, - деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

0
0
272

Ата заңды партия филиалы өкілдері асқақтатты

«Айбарлы асқар елдің Ата заңы» атаулы шараның шымылдығын партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Жөргенбаев ашып, филиал өкілдерін мерейлі мерекемен құттықтады. Содан соң Әнұран ойналды. - Ата заң – ұлттығымыздың айғағы, егемендігіміздің тірегі. Ширек ғасыр бұрын тарихи қадам жасалып, елдің Конституциясы тұғырына қонды. Тұғырлы еліміздің Ата заңын қастерлеу арқылы оның құндылығын асқақтата түсеміз. Әлем жұртшылығы Қазақстанның атауын мәңгі естуге жазсын, - деді Ж.Әкебайұлы.Мұнан соң партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Жөргенбаев «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен партия филиалы төрағасының орынбасары Г.Тойлыбаеваны, филиалдың бірыңғай персоналды басқару жөніндегі консультанты Д.Аналдинованы марапаттады. Марапат легі бірқатар қызметке…

0
1
518

Жүйрікте де жүйрік бар...

Бүгін «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы өкілдерінің ұйымдастыруымен «Арғымақтар аламаны» атты онлайн сайыс өтті. Сайыстың мақсаты – Алматы облысына қарасты аудандық «Nur Otan» партиясы филиалдарының өкілдері арасында шын жүйрікті анықтау. Байқау шартына сәйкес 20 қатысушы whatsapp желісі арқылы сұраққа жауап негізінде үздік бестікті анықтады. Жүйріктер келесі кезеңге өтіп, skype желісі арқылы бес бөлімнен тұратын ұпай астына жасырылған сұрақ таңдау негізінде жеңімпазды анықтады. Байқау қорытындысы бойынша Ислам Тынышбалаев жарыс жеңімпазы болса, екінші-үшінші орындарды Ақжан Мұсахметов пен Әділет Чукенов өзара бөлісті. Байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар тарту етіледі.

0
0
202

Праймериз: Жетісуда 1000-нан аса үміткер депутат болуға ниетті.

Бұл ретте «Nur Otan» партиясы қарымды да алымды, білігі мен білімі бар, көпшілікті соңынан ерте алатын нағыз көшбасшыларды анықтамақ. Сол арқылы елдің болашағына бей-жай қарамайтын, тәжірибесі толыққан тұлғаларды елдің даму жолында еңбек етуге мүмкіндік бермек.

17 тамыздан бастап Алматы облыстық партия филиалы сапынан мыңнан аса праймеризге қатысуға ниеттілер тіркелді. Қатысушылардың 60 пайыздан астамы праймеризге қатысуға өз-өзін ұсынушылар қатарынан. Қалғаны – бастауыш партия ұйымы сапынан ұсынылған. Үміткерлер қатарында дәрігерлер, ұстаздар, дала еңбеккерлері, кәсіпкерлер және қоғам өмірінде көзге көрініп жүрген белсенді жастар бар.

Партияішілік іріктеуді өткізуге 315 дауыс беру учаскесі даярланды

0
1
740