Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мен праймеризге қатысамын !

Партия Лидері елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша республикалық «Nur Otan» партиясының партияішілік іріктеу праймеризі қоғам белсенділері үшін тек Nur Otan тізімінде болу ғана емес, өзекті мәселелерді шешу мақсатында қолдануға болатын керемет мүмкіндік. Үгіт-насихат жүргізу және кездесу ұйымдастыру барысында негізгі мәселелерді талқылап және оны шешу мүмкіндігі болатыны анық. Мақсаты – алдағы барлық деңгейдегі мәслихаттар мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, партия органдарының, филиалдарының кандидатураларын ұсыну үшін партиялық тізімдерге енгізіп, көшбасшыларды айқындап кандидаттарды партия ішіндегі алдын-ала іріктеу және мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну болып табылады.

Праймериз әдісінің тиімді тұстары:

Біріншіден алыс ауылдардағы партияның қарапайым мүшелерінің өз ойын ашық айтып, жан -жақты көрінуіне үлкен мүмкіндік.

Екіншіден азаматтардың сайлау алды бағдарламалары арқылы ауылдық елді мекендердегі проблеммалық мәселелерді анықтап, олардың шешілу жолдарын нақтылауға көмектеседі.

#PS: Мың өліп, мың тірілген Қазағымның, туып өскен құт мекен қасиетті Қараталымның экономикалық дамып, гүлденуіне иненің көзіндей болсада өз үлесімді қоссам деген мақсатта праймеризге қатыспақпын.

0
0
158

Осы тақырып бойынша

Мен праймеризге қатысамын ! - Yvision.kz