Қолы ашықтың – жолы ашық
Қазақ халқы қайырымдылықты қастерлі ұғым санап, әрдайым өзара жақсылыққа, адалдыққа үндеген бабаларымыз ізгі істі үлкенді-кішіні бөлмей, қоғамда өзара қайырымдылық пен ынтымақ ортасының орнауына ерекше назар аударған. Сондай-ақ, қайырымдылық жасаған адам ешқашан кедейленіп қалмайды, «Қолы ашықтың – жолы ашық», – деп атам қазақ бекер айтпаса керек. Жуырда «Nur Otan» партиясы Ақсу аудандық партия филиалынан ауданға қарасты Жансүгіров ауылының тұрғыны А.Кудярова жәрдем беруді сұрады. Жалғыз басты ана биылғы оқу жылының онлайн өтеріне алаңдаса керек. Балаларының қатардан қалмай, пандемия кезінде үйде интернет байланысы арқылы оңтайлы білім алуын ойлады. «Nur Otan» мұндай сәттерде қамсыз қалмайды. Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.Дәулетбекова А.Кудярованың баласына ұялы…