Мазмұнға өту

Жаңа

Өзгерістерге үн қосамыз

Өзгерістерге үн қосамыз Елімізде мұндай іріктеу алғаш рет жүріп жатқаны белгілі. Праймериз елдің саяси, қоғамдық өміріне ерекше әсер етеді. Бұл дамыған мемлекеттер де бұрыннан бар тәжірибе. Мәселен, АҚШ-та 19 ғасырдан бері қолданылып келеді. Бұдан былай біз үшін де жаңалық емес екені қуантады. Елбасының жолдауында айтылған 30 дамыған мемлекеттің қатарына ену үшін де осындай өзгерістер қажет. Ұлтының мұратын жеке көзқарасынан бірінші орынға қойып, білімі мен білігін ел мүддесіне жұмсап жүрген азаматтарымыз жетерлік. Ендігі жерде мемлекеттік қызмет пен сайланбалы лауазымдарға сондай азаматтар көптеп баруы тиіс. Партияішілік іріктеу процедурасы соған тура жол ашып тұр. Бұл жаңашылдық, бір жағынан қарапайым қазақстандықтар мүддесін жетік қорғай алатын азаматты жаңылмай таңдауға ерік берсе, ек…

0
0
170

29 тамыз Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімі күні⠀

29 тамыз Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімі күні🇰🇿 ⠀ 29 жыл бұрын 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигоны жабылды. ⠀

⠀ Сегодня день исторического решения Первого Президента Казахстана Нурсултана Назарбаева🇰🇿 ⠀ 29 лет назад 29 августа 1991 года был закрыт Семипалатинский ядерный полигон. #JasOtan #Nurotan #Kazakhstan #taldykorgan #Almaty #world #полигон

0
0
172

Жастар - елдің болашағы.

“Жас келсе - іске” демекші өз білімім мен қабілетімді ауданымыздың мәдени-әлеуметтік тұрғыдан дамуына жұмсағым келеді. Қазіргі дағдарыс жағдайына қарамастан жаңа заман талабына сай жаңаша басқару шараларын іске асырып, еліміздің көркеюіне өз үлесімді қосуды азаматтық борышым деп білемін.

Сүнбеков Бекжан Батырбекұлы - "Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ федерациясы" ҚБ Алматы облысы филиалының басшысы, Қарасай ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" КММ киокушинкай-кан каратэ спорт түрінің аға-жаттықтырушысы.

0
0
296

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Семей ядролық полигонының жабылған күніне байланысты Үндеуі

🔹 Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Семей ядролық полигонының жабылған күніне байланысты Үндеуі

🔸 Обращение Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева по случаю Дня закрытия Семипалатинского ядерного полигона

🔗 https://www.akorda.kz/…/kazakstan-prezidenti-kasym-zhomart-…

0
0
236

БҰҰ жеткен ақжолтай хабарҚазақстанның

БҰҰ жеткен ақжолтай хабарҚазақстанның Тұңғыш Президенті, «Nur Otan» партиясының лидері - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ядролық сынақтардан азат әлем үшін чемпион» мәртебесіне ие болды. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған арнайы сессиясында жарияланды, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің Telegram каналы."Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымының (ЯСЖТШҰ) атқарушы хатшысы Лассина Зербо Қазақстанның ядролық қарусыз әлем құрудағы жаһандық күш-жігерге жетекшілік кезіндегі ерекше тарихи үлесін ескере отырып, Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мәртебе беру туралы бастама көтерді. Елбасының 1991 жылы 29 тамызда әлемнің ең ірі ядролық полигондарының бірі – Семей ядролық полигонын жабу туралы шешімі адам…

0
1
260

Елімізде алғаш рет праймериз жобасының өткізілуі жоспарланып тұр.

Елімізде алғаш рет праймериз жобасының өткізілуі жоспарланып тұр. Осыған байланысты «Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық филиалының бастауыш партия ұйымы төрағаларымен онлайн кездесу жүргізілді. «ZOOM» қосымшасы арқылы өткен бұл кездесудің мақсаты - праймериз төңірегіндегі өрбіген түрлі сұрақтарға жауап беру және праймериз ережесімен толыққанды таныстыру болатын. Тұңғыш рет өтейін деп отырған аталған жобаның маңызы мен мәні баяндалған онлайн-конференцияға ауданымыздың БПҰ-ның барлық төрағаларымен қатар, ұйымдастыру комитетінің мүшелері де толықтай қатысты. Праймериз кезеңдері бойынша ұсынылған барлық ақпараттың кездесу мүшелеріне кейінгі жұмыстарында септігін тигізетініне сенімдіміз.

0
0
155

Праймериз: ауданымыздың белгілі кәсіпкері

Праймериз: ауданымыздың белгілі кәсіпкері Байтаев Базархан Ізмұханұлы партия праймеризіне қатысу бойынша өтінішін білдірді.

Праймеризге қатысып, өңірдің экономикасын көтеруде партия алаңы арқылы түрлі жобаларымды іске асырып, кәсіпкерлік саласындағы қордаланған мәселелердің шешілуіне өз ықпалымды тигізгім келеді. Әлеуметтік кәсіпкерлік саласында инвесторларды тарту, нақты әлеуметтік проблеманы және мақсатты аудиторияны анықтайтын серіктестіктердің қызметін кеңейту туралы өз ойын жеткізді.

0
0
162

#менпраймеризгеқатысамын!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастарға қарата айтқан бір сөзінде «Жастың қуаты – білімі мен білігінде, бірлігі мен патриоттығында. Біз бабалардан мирас болған атамекенімізді тәуелсіз ел еттік. Тұрмысы шалқып, түтіні түзу ұшқан бақуатты мемлекетке айналдырдық. Татулықты – тұрақтылықтың және тұрақтылықты – дамудың тұғыры еттік. Біздің барша жетістіктеріміздің бастауы – бірлік. Бірлігімізді тұмардай сақтай білсек еліміз үшін алынбайтын белестер жоқ. Ол үшін әрқайсың өздеріңе жүктелген тарихи жауапкершілікті сезіне білулерің керек» деген еді. Осы орайда, Партияның Праймеризіне қатысып еліміздің экономикасын дамытуға және өркендеуіне өз үлесімді қосамын деген үміт білдіремін.

Аудандық «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Рақметқазынов Нұржан Нұрланұлы.

0
0
121

Құрметті Қаратал ауданының тұрғындары

Елімізде тұңғыш рет Елбасы Н. Назарбаевтың қаулысымен 17 тамыздан "Nur Otan" партиясының праймеризі бастау алды. Праймериздің негізгі мақсаты – партияішілік сайлауда өндіріп іс жасайтын, ел алдына шығар көшбасшыны таңдау және де "Nur Otan" партиясының қатарын адуыны мықты жас мамандарға, ел қалауларымен толықтыру. Праймеризге партия құндылықтарын ұстанатын, сөзі өтімді, беделге ие азаматтар қатыса алады. Осы орайда, ауданымыздың дамуына үлесіңізді қосқыңыз келсе праймеризге қатысуға шақырамыз. Праймеризге тіркелу 17 тамыз бен 29 тамыз аралығында болады. Толығырақ: https://nurotan.kz немесе https://primaries.kz/

Қаратал ауданының әкімі, "Nur Otan" партиясы аудындық филиалының төрағасы Қ. Бұлдыбаев.

0
0
233

#менпраймеризгеқатысамын

Әр адамзаттың міндеті қолайлы қоғам қалыптастыруда өз үлесін қосу. Бүгінгі күнгі ұйымдастырылып жатқан «Нұр Отан» партиясының партия ішілік праймеризіне қатысу мүмкіндігі еліміздегі саяси ахуалды жақсы бағытқа өзгертуге берілген озық қадам деп білемін.

Кәсіби еңбек жолымды медицина саласында Халыққа қызмет көрсету арқылы бастап, бүгінгі күні де осы жолда тынбай еңбек етудемін. Өз азаматтық ұстанымымды қоғамдық өмірде айқын бекітіп келемін.Мен үшін халқымның жарқын болашағы үшін қызмет ету басты міндет.

Қаратал ауданың Орталық Ауруханасының Директоры: Құмаров Біржан Аскарұлы.

0
0
174