Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Елімізде алғаш рет праймериз жобасының өткізілуі жоспарланып тұр.

Елімізде алғаш рет праймериз жобасының өткізілуі жоспарланып тұр. Осыған байланысты «Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық филиалының бастауыш партия ұйымы төрағаларымен онлайн кездесу жүргізілді. «ZOOM» қосымшасы арқылы өткен бұл кездесудің мақсаты - праймериз төңірегіндегі өрбіген түрлі сұрақтарға жауап беру және праймериз ережесімен толыққанды таныстыру болатын. Тұңғыш рет өтейін деп отырған аталған жобаның маңызы мен мәні баяндалған онлайн-конференцияға ауданымыздың БПҰ-ның барлық төрағаларымен қатар, ұйымдастыру комитетінің мүшелері де толықтай қатысты. Праймериз кезеңдері бойынша ұсынылған барлық ақпараттың кездесу мүшелеріне кейінгі жұмыстарында септігін тигізетініне сенімдіміз.

0
0
121

Осы тақырып бойынша

Елімізде алғаш рет праймериз жобасының өткізілуі жоспарланып тұр. - Yvision.kz