Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстандағы ұлттық біліктілік жүйесіСұранысқа ие болу үшін мамандықты таңдау ғана емес.

Қазақстандағы ұлттық біліктілік жүйесіСұранысқа ие болу үшін мамандықты таңдау ғана емес. Жаңа дағдыларды игеру маңызды. Ол үшін Қазақстанда Ұлттық біліктілік жүйесі (ҰБЖ) қалыптасуда.https://youtu.be/qglG03zEan8Еңбек нарығының қажеттілігін болжау, кадрларды даярлау сапасын арттыру, мамандардың біліктілігін растау – ҰБЖ-нің негізгі міндеттері. ҰБЖ-нің әрбір элементінің өз міндеттері бар: - кәсіптік стандарттар (мамандарға қойылатын талаптар, персоналды басқару, мансапты жоспарлау); - білім беру бағдарламалары (кәсіптік стандарттар негізінде әзірленеді); - сертификаттау (реттелетін кәсіптер бойынша сәйкестікті растау және біліктілікті беру). Ұлттық біліктілік жүйесі еңбек нарығының ашықтығы мен тиімділігін арттырады, оны білікті кадрлармен қамтамасыз етеді және экономиканың бәсекеге қабіле…

0
0
276

2 қыркүйек сағат 09.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге ...

2 қыркүйек сағат 09.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 607 мыңнан астам бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең.

https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/pochti-24-mln-kazahstancev-poluchili-edinovremennuyu-vyplatu-po-potere-dohoda-v-period-karantina-02?lang=kk

Төлемді 2 млн 391,5 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 385 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

0
0
178

Арда азаматтың үлгілі ісі

Мәселе көшеге асфальт төсеу немесе зәулім-зәулім ғимарат тұрғызып беруде емес, сол ауылдың тұрғынына қолдан келгенмен көмек беру де патриоттықтың бір парасы. Жуырда «Nur Otan» партиясы Ұйғыр аудандық филиалына әлеуметтік жағдайы төмен екі отбасыға жәрдем беру жөнінде хат түседі. Хатта біраз жай жазылған еді. Бастысы екі бірдей оқушының оқу жылына дайын еместігі еді. Қайырымды адам қарап қалмайды әдетте. Аудандық мәслихаттың депутаты, мәслихат хатшысы Н.Есжан Довун орта мектебінің 7 сыныпта оқитын қос оқушыға арнап мектеп құралдары мен киім-кешек қамдай бастайды. Әрине, қазір талғам бөлек, бірақ қал-қадірінше халық қалаулысы қос оқушыға тартуын жасады. «Біз біргеміз» акциясы аясында жүзеге асқан қайырымдылық үшін қос отбасы аудандық партия филиалына да, халық қалаулысына да алғысын білдірд…

0
0
173