Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстандағы ұлттық біліктілік жүйесіСұранысқа ие болу үшін мамандықты таңдау ғана емес.

Қазақстандағы ұлттық біліктілік жүйесі

Сұранысқа ие болу үшін мамандықты таңдау ғана емес. Жаңа дағдыларды игеру маңызды. Ол үшін Қазақстанда Ұлттық біліктілік жүйесі (ҰБЖ) қалыптасуда.

https://youtu.be/qglG03zEan8

Еңбек нарығының қажеттілігін болжау, кадрларды даярлау сапасын арттыру, мамандардың біліктілігін растау – ҰБЖ-нің негізгі міндеттері. ҰБЖ-нің әрбір элементінің өз міндеттері бар: - кәсіптік стандарттар (мамандарға қойылатын талаптар, персоналды басқару, мансапты жоспарлау); - білім беру бағдарламалары (кәсіптік стандарттар негізінде әзірленеді); - сертификаттау (реттелетін кәсіптер бойынша сәйкестікті растау және біліктілікті беру). Ұлттық біліктілік жүйесі еңбек нарығының ашықтығы мен тиімділігін арттырады, оны білікті кадрлармен қамтамасыз етеді және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Бүгінгі таңда Ұлттық біліктілік жүйесін енгізу бойынша келесі жұмыстар жүргізілді: – ҚР Еңбек Кодексіне (117-бап, негізгі ұғымдарды бекіту бөлігіне) өзгерістер енгізілді; – біліктіліктің сегіз деңгейі бойынша елдің еңбек ресурстарын ретке келтіретін Ұлттық біліктілік шеңбері бекітілді; – 2018 жылдан бастап еңбек нарығының құрылымын нақтылау үшін жаңа Ұлттық кәсіптер сыныптауышы енгізілді. ҰКС шамамен 12 мың кәсіп пен лауазымнан тұрады; – кәсіптік стандарттар мен салалық біліктілік шеңберлері бойынша әдістемелік құралдар қабылданды. Бұл ретте кәсіптік стандарттарды бекіту функциясы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына берілді; – 36 салалық біліктілік шеңбері жаңартылып, 580 кәсіптік стандарт бекітілді; – орта және жоғары біліктілік деңгейінің 70 білім беру бағдарламасы (оның ішінде: 30 ТжКБ бойынша, 40 жоғары білім бойынша) жаңартылды.

0
0
241

Осы тақырып бойынша

Қазақстандағы ұлттық біліктілік жүйесіСұранысқа ие болу үшін мамандықты таңдау ғана емес. - Yvision.kz