Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Арда азаматтың үлгілі ісі

Мәселе көшеге асфальт төсеу немесе зәулім-зәулім ғимарат тұрғызып беруде емес, сол ауылдың тұрғынына қолдан келгенмен көмек беру де патриоттықтың бір парасы. Жуырда «Nur Otan» партиясы Ұйғыр аудандық филиалына әлеуметтік жағдайы төмен екі отбасыға жәрдем беру жөнінде хат түседі. Хатта біраз жай жазылған еді. Бастысы екі бірдей оқушының оқу жылына дайын еместігі еді. Қайырымды адам қарап қалмайды әдетте. Аудандық мәслихаттың депутаты, мәслихат хатшысы Н.Есжан Довун орта мектебінің 7 сыныпта оқитын қос оқушыға арнап мектеп құралдары мен киім-кешек қамдай бастайды. Әрине, қазір талғам бөлек, бірақ қал-қадірінше халық қалаулысы қос оқушыға тартуын жасады. «Біз біргеміз» акциясы аясында жүзеге асқан қайырымдылық үшін қос отбасы аудандық партия филиалына да, халық қалаулысына да алғысын білдірді.

0
0
131

Осы тақырып бойынша