ЖЕЗДІ КЕНТІНДЕ ЖЕКЕ ИНВЕСТОР ЕСЕБІНЕН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР САЛЫНУДА
Ұлытау ауданы халқын баспанамен қамту мақсатында Жезді кентінде жеке инвестор есебінен 2 пәтерлі 2 тұрғын үй салынып жатыр.⠀

Ұлытау ауданы халқын баспанамен қамту мақсатында Жезді кентінде жеке инвестор есебінен 2 пәтерлі 2 тұрғын үй салынып жатыр.⠀

Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 2025 жылғы 24 қыркүйекте "БЖЗҚ" АҚ "ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер. Цифрлық БЖЗҚ – салымшыларға ыңғайлы болу үшін" тақырыбында "Ашық есік күнін" өткізеді.

«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Ұлттық ақпараттық технологиялар акционерлік қоғамымен және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, eGov mobile мобильді қосымшасында және GOV.KZ Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында алаяқтық, нашақорлық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, кибербуллинг, қалыңдық ұрлау, самокатшылар, жол-көлік оқиғалары мәселелері бойынша азаматтарға құқықтық көмек көрсету маршрутизаторы іске асырылды.

2025 жылғы 18 шілдеде мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне қол қойды. Ол БЖЗҚ-дан Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне төленетін зейнетақы төлемдерін қоспағанда, барлық табыстар, тұрғын үйге/емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) түріндегі кірістерді 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке табыс салығынан (ЖТС) босатуды көздейді.


Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаланың активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтылған міндеттердің орындалу барысын талқылады.
Берік Асылов:
➤ арнайы прокурорлардың қоғамда резонанс тудырған және мемлекет мүддесіне, сондай-ақ азаптауға қатысты аса маңызды қылмыстық істерді тергеп-тексеру барысы жөнінде есеп берді.
🟦 Биыл арнайы прокурорлар сотқа 55 қылмыстық іс жолдап, соның негізінде 112 адам сотталған. Тағы 80 іс соттардың қарауында жатыр. Арнайы прокурорлар тексерген істер бойынша жалпы сомасы 14,4 миллиард теңге залал өтелді.
➤ қылмыстық жолмен тапқан кірістерді іздестірудің жаңа тәсілдері мен оны ел экономикасына пайдаланудың перспективасы жөнінде мәлімет ұсынды.
🟦 Қозғалған қылмыстық істер бойынша жалпы құны 105 миллиард теңге болатын мүлікке тыйым салынды. Соның ішінде прокурорлар басқа да құқық қорғау органдарымен бірге тек есірткіге қарсы істер бойынша 12 миллиард теңгеге жуық активтерді қолға түсірген.
➤ активтерді қайтару мәселесі туралы да айтты.
🟦 Екі жыл ішінде прокуратура органдары арқылы 850 миллиард теңгенің активтері қайтарылды. Бұл қаражат өңірлерде 400-ге жуық әлеуметтік және коммуналдық нысан салуға жұмсалады. Бүгінде 60 ғимараттың құрылысы аяқталған.
🟦 Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында және бизнесті белсенді қолдау үшін Бас прокуратураға қарасты ведомствоның атауы өзгермек. Жаңа формат инвестицияға оңтайлы жағдай жасап, кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқығын қорғауға мүмкіндік береді.
Президент:
📌 барлық салада заңдылықты қамтамасыз ету және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
❗️ құқық қорғау және мемлекеттік органдардың алаяқтыққа, есірткі саудасына, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, вандализмге қарсы іс-қимылын, бизнесті негізсіз қылмыстық қудалауға жол бермеу жұмыстарын тиімді үйлестіру маңызды екенін атап өтті.
3 қыркүйек күні аймақ басшысы Берік Уәли «Асыл Мирас» аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жетекшісі, облыс әкімінің гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Арайлым Әлімжанова, Абай облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі, еңбек ардагері Николай Исаев және Қазақстан журналистер одағының Абай облыстық филиалының төрағасы, Семей қалалық мәслихатының депутаты Хасен Молдабаевты қабылдады.

Семей қаласында санитарлық тазалық айлығы аясында кезекті рет жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Қала аумағын абаттандыруға және тазалауға бағытталған бұл шараға мемлекеттік органдардың қызметкерлері, түрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері, білім беру мекемелерінің ұжымдары, сондай-ақ қала тұрғындары белсене қатысты.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 232-бабында қылмыстық қауымдастыққа қатысуға жауапкершілік қарастырылып, «дроп» немесе «дроппер» ұғымы енгізілді. «Дроппер» ретінде интернет-алаяқтыққа қатысқан адам 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Бұл туралы Абай облысы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі, полиция аға лейтенанты Ерназ Тұрлыбеков хабарлады.

Ақмола облысында 2024 жылдан бері жүздеген мың тұрғынның өмірінің бір бөлігіне айналған республикалық «Таза Қазақстан» экожобасының аралық қорытындылары жасалды. Оның мақсаты қарапайым да маңызды – адамдарға, әсіресе жастарға табиғатты аялау мәдениетін дарыту, көшелер мен саябақтардың тазалығын бір реттік шара емес, күнделікті өмірдің нормасы ретінде қалыптастыру.
