"Парасатты отбасы" байқауы
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті және Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасы бірлесіп, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында «Парасатты отбасы» онлайн байқауын ұйымдастырды.
Байқауға 12 аудан, Орал қаласынан және облыстық мектептерден барлығы 144 отбасықатысты.
Байқау қорытындысы бойынша төмендегідей жеңімпаздар анықталды:
І орын – Гильмановтар отбасы. Бейнеролик дайындаған: Орал қаласы Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының оқушысы Мұрат Ерасыл;
ІІ орын – Сағынбаевтар отбасы. Бейнеролик дайындаған: Орал қаласы №41 жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп-лицейінің оқушысы Нұрбекқызы Амина;
ІІІ орын – Мулякаевтар отбасы. Бейнеролик дайындаған: Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының оқушысы Муратова Дана;
Номинациялар бойынша:
«Үздік оқырман отбасы» - Наутбаевтар отбасы. Бейнеролик дайындаған: Орал қаласы №46 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Шилібай Инабат.
«Зейінді отбасы» - Сатовтар отбасы. Бейнеролик дайындаған: Бәйтерек ауданы Новенький жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Сатов Ерген, Жұмагелді Мейрамбек.
«Шеберлер отбасы» - Беркеновтар отбасы. Бейнеролик дайындаған: Бөрлі ауданы №6 мектеп-лицейінің оқушысы Махамбетов Рамазан.
«Өнерлі отбасы» - Газиевтер отбасы. Бейнеролик дайындаған: Қаратөбе ауданы Егіндікөл жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Хамит Аяжан.
«Жомарт отбасы» - Бекқалиевтер отбасы. Бейнеролик дайындаған: Бөкейордасы ауданы Ш.Жексенбаев жалпы орта білім беретін мектеп-бөбекжай кешенінің оқушысы Мұхси Мерейхан.
«Саяхатшы отбасы» - Горовцовтар отбасы. Бейнеролик дайындаған: Бөрлі ауданы №6 мектеп-лицейінің оқушысы Горовцова София.
«Өндірістегі үздік отбасы» - Хабиевтер отбасы. Бейнеролик дайындаған: Қаратөбе ауданы Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының оқушысы Иман-Мәліков Елдос.
«Дәстүрге берік отбасы» - Утеповтар отбасы. Бейнеролик дайындаған: Сырым ауданы жалпы білім беретін Абай орта мектеп-балабақша кешенінің оқушысы Орынғалиева Әсел.
Жеңімпаздар дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталады.
