Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Nur Otan партиялық тізімдерді қалыптастыру бойынша нұсқаулық әзірледі

Оның барысында барлық деңгейдегі мәслихаттарға партиялық тізімдер және Мәжіліске партиялық тізімге әр өңірден кандидаттар анықталатын болады.

Сонымен, партияішілік іріктеу – праймериздің екінші деңгейі аясында кандидаттарды конференцияларда пікірсайыстар күтуде. Мәжіліске үміткерлер, республикалық маңызы бар қалаларды қоспағанда, екі рет – аудандық және облыстық конференцияларда пікірсайысқа түседі. Парламенттің төменгі палатасының қызметтегі депутаттары бірден облыстық сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар конференцияларындағы пікірсайыстарға қатыса алады.

Партияның 𝐧𝐮𝐫𝐨𝐭𝐚𝐧.𝐤𝐳 ресми сайтында және 𝐩𝐫𝐢𝐦𝐚𝐫𝐢𝐞𝐬.𝐤𝐳 сайтында жарияланған нұсқаулыққа сәйкес коронавирус пандемиясын ескере отырып, барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақтала отырып өткізілуі керек.

Нұсқаулыққа сәйкес аумақтық партия конференциясына делегаттарды бастауыш партия ұйымының жиналысы сайлайды. Праймеризге қатысқан кандидаттар және олардың сенімді өкілдері конференцияға делегат ретінде сайланбайды.

Ең жоғары рейтингке ие болған кандидаттар арасынан аумақтық партия конференциясына пікірсайысқа қатысушылардың тізімін филиалдың Саяси кеңесінің Бюросы бекітеді.

Конференцияларда дауыс беру «Праймериз» ақпараттық жүйесінде өткізілетін пікірсайыстардың қорытындылары бойынша дауыс беруді қоспағанда, делегаттың қол немесе мандатын көтеруі арқылы өткізіледі.

Ашықтықты қамтамасыз ету үшін барлық пікірсайыс әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Пікірсайыс қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған кандидат Мәжілістің партиялық тізіміне пікірсайысқа қатысушы ретінде облыстық конференцияға ұсынылады. Әрбір аудан, қала Мәжілістің партиялық тізіміне пікірсайысқа бір қатысушыны ұсынады. Облыс орталығы Мәжілістің партиялық тізіміндегі өңірдің өкілдік квотасына тең санда пікірсайысқа қатысушыларды ұсынады.

Облыстық мәслихаттарға партиялық тізімдер тиісті конференцияларда бекітілетін болса, ал Мәжіліске қорытынды тізім «Nur Otan» съезінде бекітіледі.

#NurOtan

0
0
168

Осы тақырып бойынша