«Nur Otan» партиясы өңірлік филиалдарында өтетін конференциялардың кестесін жариялады. Оның барысында барлық деңгейдегі мәслихаттарға партиялық тізімдер және әр өңірден Мәжіліске партиялық тізімге кандидаттар анықталатын болады. Сонымен, конференция 10 қарашада – Шымкент қаласында, 11 қарашада – Алматы қаласында, 12 қарашада – Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Алматы, Қарағанды және Қызылорда облыстарында – 16 қарашада, ал Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 17 қарашада өтпек. Партияның баспасөз қызметі хабарлағандай, пандемия жағдайына байланысты партиялық конференциялар барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылады. Бұл ретте партияның ресми аккаунттарында барлы…