Бүгін «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалында кезектен тыс ХХХІІ конференциясы өтті.
Конференция күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы бойынша Сайлауалды бағдарламасын бекіту туралы, пікірсайыстардың қорытындылары бойынша кандидаттар үшін дауыс беру, «Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы бойынша партиялық тізімін бекіту, «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезіне делегаттар сайлау туралы және «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгертулер енгізу туралы ұсыныс беріліп, бекітілген болатын. Барлығы 95 делегат қатысты. Түпқараған ауданынан 12 делегат барды.
Конференцияда Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің партиялық тізіміне қосылу үшін қалалар мен аудандардан пікірсайыстардың қорытындысы бойынша ең жоғары дауыс алған 9 кандидаттың арасында пікірсайыстар өтті. Түпқараған ауданынан Самат Базарбайұлы Мусабаев қатысты. Пікірсайыс өте сәтті өтті деп ойлаймын. Бастысы конференцияға қатысушылардан бөлек, әлеуметтік желі арқылы облыс халқының да көруіне мүмкіндік жасалды. Пікірсайыс кезеңінде әр қатысушы өзінің бағдарламасымен таныстырып, бағдарламасына қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Осы іріктелген кандидаттар арасында таңдау жасау қиынға соқты. Бәрінің бабы келіскен, бағы жанған кандидат Парламент Мәжілісінің партиялық тізіміне қосылды деп ойлаймын. Барлық үміткелерге алдағы жұмыстарына толағай табыс, қажымас қайрат тілеймін.
Конференция ұйымдастырылуы өте жоғары деңгейде болды, барша атсалысқан жандарға өз атымнан алғыс білдіремін.
Құрметпен, «Nur Otan» партиясы Түпқараған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Светлана Түгелқызы.
