ҚР Парламенті Мәжілісі мен облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі анықталды
Павлодар облысы бойынша «Nur Otan» партиясы филиалының кезектен тыс XXX конференциясында филиал төрағасы Әбілқайыр Сқақовтың қатысуымен ҚР Парламенті Мәжілісі мен облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі анықталды. Дауыс беру Primaries.kz сайтында электронды жүйе бойынша жүргізілді.
Бүгін праймериздің бірінші кезеңінде ең көп дауыс жинаған 16 үміткер Парламенттің төменгі палатасындағы орындарға күресті. Шағын және орта бизнес, денсаулық сақтау, білім беру және өзге де саланы қарастырған жаңа тұлғалар қосылды. Облыстың барлық тұрғындары тікелей эфирде тамашалай алатын қоғамдық пікірталастар нәтижесінде 112 конференция делегаттары таңдаған кандидаттарына онлайн режимінде өз дауыстарын берді. Облыс тұрғындары қатысушылар орындауларын тікелей эфирде тамашалай алды.
Конференцияға дайындық кезінде праймеризге қатысушылар партияның Павлодар облысындағы сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына сүйенді. Партияішілік іріктеу кезінде павлодарлықтардан екі мыңнан астам тапсырыс түсті. Облыс тұрғындарының ұсыныстары мен ескертулерінің 80 пайызы партия филиалының сайлауалды бағдарламасына енгізілді. Өңірді дамытудың жеті негізгі басымдығы айқындалды - бұл одан әрі тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму, жастарды жұмыспен қамту, өмір сапасын арттыру, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мәдени мұраны дамыту және сақтау мәселелері болды.
Бүгінгі пікірсайыс барысында үміткерлер проблемаларды шешу мақсатында өз көзқарастарын ұсынды.
- Мен елімнің жағдайына бей-жәй қарай алмаймын. Ол үшін бүкіл өмірлік тәжірибемді және білімімді қоғам игілігі үшін қолдануға дайынмын. Қолдау көрсеткен партияластарым алғыс айтамын. Мен олардың сенімдерін ақтауға тырысамын, өйткені біздің бағдарлама отандастарымның нұсқауларынан, олардың тілектері мен үміттерінен толық құралған! - деді Гүлнәр Қайдарова. Дауыс берудің алғашқы төрт жетекшісі Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауға партиялық тізімге ұсынылды. Олардың арасында жас жетекші Данияр Айтышев та бар.
- Мен жастардың, әсіресе ауылдық жерлерде тұратындардың мүдделерін қорғаймын. Менің ауылда жұмыс жасағаныма 4 жыл болды. Жастарға арналған жатақханада тұрамын, ауылдың және жастардың мәселелерін жақсы білемін.
