Мазмұнға өту

Жаңа

17 қараша - Халықаралық студенттер күні

Құрметтi студенттер!

Əр адамның есiнде ерекше естелiктерiмен жатталатын студентттiк шақтарыңыздың əр сəтiн дұрыс пайдалана бiлiңiздер. Ɵздерiңiздi дамытып, шет тiлдердi меңгерiп, саяхаттаңыздар. Əрдайым iзденiс үстiнде болыңыздар!

Сiздерге зор денсаулық, мол бақыт, шығармашылық табыс, талмас талап тiлеймiн! Зейiндерiңiз ашылсын!

0
0
172

«Аймақты абаттандыру және жарықтандыру»

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен партиялық бақылау комиссиясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ZOOM платформасы арқылы қоғамдық кеңес отырысы өтті. Аталмыш шараға партиялық бақылау комиссия және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері, бөлім басшылары қатысты. Кеңес отырысында күн тәртібі бойынша: «Аймақты абаттандыру және жарықтандыру» мәселелері туралы аудандық тұрғын үй, коммунальдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Т.Байғалиевтың баяндамасы тыңдалды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, заң аясында жауап берілді.

0
0
145

17 қараша - Студенттер күні.

17 қараша - Студенттер күні.

Құрметті студенттер сіздерге шын жүректен мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, ұзақ өмір, таусылмас бақыт,ашық аспан, талмас қанат, қажымас қайрат, оқуларыңызда сəттілік тілейміз!!!

Студенттер күні құтты болсын!

0
0
202

«Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту»

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының ұйымдастырумен аудандық мәслихат депутаттары Ащысай ауылдық округінде карантиндік жағдайға байланысты ZOOM платформасы арқылы жүздесті.

Ауыл әкімі Досхан Адақұлы Шотпанов агроөнеркәсіп саласына қатысты жұмыстар мен қысқа әзірлік барысын жеткізді. Сонымен қатар аудандық мәслихат депутаттары «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» мәселелері бойынша сұрақтарға жауап беріп,ақпараттармен бөлісті.

0
0
212

15 қараша - Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күні

15 қараша - Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күні. Еліміздегі ұлттық валюта - теңге күніне байланысты мерекелік құттықтауды “Nur Otan”партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары С.Байтенова жалғастырды.#челлендж #құттықтау

0
0
160

Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні

Қараша айының үшінші жексенбісі Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде аталып келеді. Бұл — егінін баптаған диқанның да, таңның атысы, күннің батысы демей мал жайған малшының да жыл бойғы төккен тері мен жасаған бейнетінің зейнетін көріп, қорытынды шығаратын шағы.

Мереке құтты болсын!

0
0
154

15 қараша - Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күні

15 қараша - елімізде ұлттық валюта күні деп белгіленген. Биыл төл теңгемізге 27 жыл толып отыр.

Ұлттық валютаны енгізу тарихында киелі Әулиеата жері ерекше орын алады. Ұлыбританияның «Хариссон» компаниясында басып шығарылған еліміздің төл теңгесі 1993 жылы алғаш бұрынғы Жамбыл, қазіргі Тараз қаласына келіп түскен. Содан кейін ғана еліміздің өзге аймақтарына тараған. 27 жыл ішінде теңге бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Қазіргі таңда 500 теңгеден басталған қағаз ақшаның 6 түрі бар. Мамандардың айтуынша, ұлттық теңгенің пайда болуы ел экономикасын дамытуға айрықша септігін тигізді.

0
0
143

«ПАТРИОТ ЖАСТАР» акциясы аясында ескерткіштерді, саябақтарды абаттандыру бойынша сенбілік өткізілді

Шыңғырлау аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ «JAS OTAN» ЖҚ ұйымдастыруымен «ПАТРИОТ ЖАСТАР» акциясы аясында ескерткіштерді, саябақтарды абаттандыру бойынша сенбілік өткізілді. Аудан жастары аталған шара барысында белсенділік танытты.

0
0
126

«Мамед» шаруа қожалығындағы кездесу

Осыған орай, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Айтжанов, Жанатұрмыс ауылында орналасқан «Мамед» шаруа қожалығына барып, қожалықтың басшысы А.Гасановпен кеңінен сұхбат құрды. Кездесу барысында шаруақожалықтың жұмыскерлерімен, жұмыс барысымен танысты. Бүгінде шаруа қожалық сапалы экологиялық таза сүт өнімін, ет өнімдерін шығарумен айналысады. Сондай ақ шаруа қожалықтың өнідірісінде жемшөп дақылдарыда бар.

0
0
186