Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша онлайн кездесуі

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша аудандық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы Әйтеке би аудандық филиалындағы депутаттық фракция жетекшісі Берик Сейлханов аудан жастарымен онлайн кездесуі өтті. Кездесу барысында сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.

Депутат районного маслихата, руководитель депутатской фракции Айтекебийского районного филиала партии «Nur Otan» Берик Сейлханов провел онлайн-встречу с молодежью района по разъяснению Послания Президента Республики Казахстан народу Казахстана. В ходе встречи были заданы вопросы и даны ответы.

0
0
237

Шағын және орта бизнесті қолдау жөнінде онлайн кездесу өтті.

“Nur Otan” партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалында аудандық мәслихат депутаты Арстанбеков Тлеген Керейұлы Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының директоры Жумагулова Бибигуль Мұқасқызымен онлайн режимінде кездесу өткізді. Кездесу барысында ауданымыздағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бір қатар мәселелер қаралып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы талқыланды.

0
0
187

"Jas Otan" Жастар Қанатының "Adaldyk Elshileri" тақырыбында онлайн акциясы өтті.

Бүгін жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін тәрбиелеу мақсатында "Jas Otan" Жастар Қанатының "Adaldyk Elshileri" тақырыбында онлайн форматтағы акциясы өтті.

Акцияға Қарақия аудалдық алаңы қызметкерлері қатысып, "Adaldyk Alany" жобасының негізгі бағыттары мен атқарылған жұмыстары туралы айтылды.

Акция аясында жастар қоғамды алаңдатып отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша өз сұрақтарын қойып, соған тиісті жауаптарын алды.

0
0
151

Студенттер күні

Қымбатты достар, Сіздерді айтулы да маңызды мереке – Халықаралық студенттер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Студенттік кезең – адам жадында ерекше естеліктерімен жатталып жаңғырып тұратын, мәңгілік ұмытылмастай өз алдына бөлек дүние. Мектеп бітіріп, өмірдің жаңа кезеңіне қадам басқан жастар тек білім алуға ғана емес, өмірдің ақ пен қарасын ажырата білуге үйренеді. Студенттік шақ дегенде қызығы мен шыжығы мол – лекция тыңдап отырған уақыт, жоғарғы оқу орны қабырғасындағы бірінші бақылау емтихандары, жатақханада бір жапырақ нанды бөліп жеген достар, таңнан таңға жалғасқан сауыққа толы кештер, дипломдық, курстық жұмыстар, тағысын тағы көптеген естеліктер оралады. Мұндай қызықты шақты бастан өткеру - үлкен бақыт. Осы шақты бағалап, оқу мен көңілді кештерді, мәдени өмірді қатар алып жүріңізд…

0
0
150

Онлайн кездесу өтті.

Бүгін Мұнайлы аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты, партия филиалының «Индустриялық – инновациялық даму» бағыты бойынша аймақтық партиялық кураторы А. Салманов, Мұнайлы аудандық Саяси кеңесінің мүшесі С. Ноғаева, «Мұнайлы» газетінің тілшісі Т. Нұржанқызы, партия консультанты Н. Ордағанның қатысуымен онлайн кездесу өтті. Кездесуде Мұнайлы аудандық «Маңғыстау жылу» КММ мекемесі басшысы Б. Казахбаевтің аудан аумағындағы ауыз су мәселесінің жай-күйі туралы баяндамасы тыңдалды.«Аудандағы басты мәселе – ауданға келетін су көлемінің аздығы. Ауданда жеті ауылдық округ, 169 800 тұрғын бар. Аудан тұрғындарын толықтай сумен қамту үшін тәулігіне 35-40 мың текше метр су қажет. Бірақ қазіргі таңда күніне 13,5-14 мың текше метр су алынуда (Жазғы…

0
0
210

Ұлттық валюта күні!

Бүгін 15 қарашада, экономиканың қаржы секторының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі – Қаржыгерлер күнін тойлау үстінде. Осы күнді таңдау кездейсоқ емес және бұл күн өзіміздің ұлттық валютамыз - теңгенің 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға енуімен байланысты.Адамзат кез-келген жұмыстың, әр мамандықтың абыройлы екендігін және де адамның өз жұмысына қаншалықты жауапкершілікпен қарап, қаншалықты ынта-жігермен жұмыс істейтініне байланысты болатынын әрқашан мойындап отырған. Барлық кәсіп өздігінше ерекше және маңызды. Әр кәсіптің өзінің жұмыс айрықшылығы, өзінің қайталанбас тарихы, өз құндылығы және өз батырлары бар. Әрине, дерлік әр кәсіптің өзінің ерекше аталып өтетін мерекелі күні- өзінің кәсіби мерекесі де бар!Сіздерге жұмыстарыңыздың келешекте де Қазақстан экономик асының қаржы әлеуе…

0
0
162

Кәсіпкер мал басын көбейтті

Шаруа қожалықтың иесі Ербол Әшәбаевтың айтуынша, о баста мал саны онға да жетпеген. Бүгінде қорасын кеңейтіп, мемлекет көмегімен мал басын арттырып отыр. Қорасында 70 шақты сиыр, 30 шақты жылқы бар. Сиырларды сүтті, ал, жылқыларды етті бағытта өсіріп отыр. Бір күнде 120 литр сүтті Қарашық ауылына және Түркістан қаласына өткізеді. Бір жылқы шамамен 180 келіден 350 келіге дейін ет береді. Жеке кәсіпкер отбасылық шаруасын жандандыру үшін болашақта мал басын көбейтіп, сүтті бағыттағы малды көбейтуді жоспарлап отыр.

0
0
187