Кәсіпкер мал басын көбейтті
Шаруа қожалықтың иесі Ербол Әшәбаевтың айтуынша, о баста мал саны онға да жетпеген. Бүгінде қорасын кеңейтіп, мемлекет көмегімен мал басын арттырып отыр. Қорасында 70 шақты сиыр, 30 шақты жылқы бар. Сиырларды сүтті, ал, жылқыларды етті бағытта өсіріп отыр. Бір күнде 120 литр сүтті Қарашық ауылына және Түркістан қаласына өткізеді. Бір жылқы шамамен 180 келіден 350 келіге дейін ет береді. Жеке кәсіпкер отбасылық шаруасын жандандыру үшін болашақта мал басын көбейтіп, сүтті бағыттағы малды көбейтуді жоспарлап отыр.
