Студенттер күні
Қымбатты достар, Сіздерді айтулы да маңызды мереке – Халықаралық студенттер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Студенттік кезең – адам жадында ерекше естеліктерімен жатталып жаңғырып тұратын, мәңгілік ұмытылмастай өз алдына бөлек дүние. Мектеп бітіріп, өмірдің жаңа кезеңіне қадам басқан жастар тек білім алуға ғана емес, өмірдің ақ пен қарасын ажырата білуге үйренеді. Студенттік шақ дегенде қызығы мен шыжығы мол – лекция тыңдап отырған уақыт, жоғарғы оқу орны қабырғасындағы бірінші бақылау емтихандары, жатақханада бір жапырақ нанды бөліп жеген достар, таңнан таңға жалғасқан сауыққа толы кештер, дипломдық, курстық жұмыстар, тағысын тағы көптеген естеліктер оралады. Мұндай қызықты шақты бастан өткеру - үлкен бақыт. Осы шақты бағалап, оқу мен көңілді кештерді, мәдени өмірді қатар алып жүріңіздер. Осындай ұл-қыздарды тәрбиелеген ата-аналарыңыз аман болсын.
Барша Студенттер қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын! Әр күндеріңіз білім мен жарқын естеліктерге толы болсын! Болашақта еліміздің тұтқасын ұстар адуынды азамат атануларыңызға шын жүректен тілектеспіз!
