Онлайн кездесу өтті.
Бүгін Мұнайлы аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты, партия филиалының «Индустриялық – инновациялық даму» бағыты бойынша аймақтық партиялық кураторы А. Салманов, Мұнайлы аудандық Саяси кеңесінің мүшесі С. Ноғаева, «Мұнайлы» газетінің тілшісі Т. Нұржанқызы, партия консультанты Н. Ордағанның қатысуымен онлайн кездесу өтті. Кездесуде Мұнайлы аудандық «Маңғыстау жылу» КММ мекемесі басшысы Б. Казахбаевтің аудан аумағындағы ауыз су мәселесінің жай-күйі туралы баяндамасы тыңдалды.
«Аудандағы басты мәселе – ауданға келетін су көлемінің аздығы. Ауданда жеті ауылдық округ, 169 800 тұрғын бар. Аудан тұрғындарын толықтай сумен қамту үшін тәулігіне 35-40 мың текше метр су қажет. Бірақ қазіргі таңда күніне 13,5-14 мың текше метр су алынуда (Жазғы мезгілде). Себебі, «Каспий» су тұщыту зауыты тәулігіне 20 мың текше метр су тұщытып, оның 14 мың текше метрін біздің ауданымызға жібереді. Бұл аудан қажеттілігін толығымен өтей алмайды. Бірақ келесі жылы «Каспий» су тұшыту зауытына кеңейту жұмыстарын жүргізу мақсатында 10 млрд тг қаражат бөлініп, кеңейту жұмыстары 2021 жылдың желтоқсан айында құрылыс жұмыстары аяқталып зауыт кең көлемде жұмыс атқарса , 2022 жылдың наурыз айына ауданымызға қажетті 40 мың текше метр су жеткізіліп отырады деген болжам бар»- дейді «Маңғыстау-Жылу» мекемесінің басшысы Б.Қазахбаев.
