Мазмұнға өту

Жаңа

Әбу Насыр Әл Фарабидің 1150 жылдығы

Әбу Насыр Әл Фарабидің 1150 жылдығы Өз заманында қарапайым халықты білімге, өнер мен ғылымға деген көзін ашып, бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттерінде тәрбиелей отырып адамзатты сауаттылыққа шақыра білген ақыл иесі. Ұстаздың логикалық, метафизика, жаратылыстану, әлеуметтік философия, этика мен саясаттағы іргелі еңбектері, Шығыс ислам және ортағасырлық Батыс мәдениеттерінің дамуынан кейін Қайта өрлеу мен Жаңа заманға үлкен әсерін тигізген Ұлы Ұстаз.

0
0
137

Төлеби аудандық филиалында мәслихат депутаты Ж.Нышановтың қатысуымен кездесу өткізілді.

Бүгін 19.11.2020 жылы « Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалы ғимаратында аудандық мәслихатының депутаты Ж.Нышановтың қатысуымен аудандық, қалалық аурухана мен емханалардың шешімін таппай жатқан мәселері жөнінде Ленгер қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбарасы У.Анаркулова және Төлеби аудандық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары С.Байдаулетованың қатысуларымен кездесу өтті.

1
0
188

13 қараша – халықаралық зағиптар күні.

13 қараша – халықаралық зағиптар күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1992 жылдан бері аталып өтетін бұл күннің олар үшін өзіндік орны бар. Тағдыр соқпағымен маңдайына жазылған қиындыққа мойымай, жігерлі қасиетімен алға қадам басқан олардың қоғамның толыққанды бір мүшесі екенін сезінуі өзіне қайрат қосары сөзсіз. Тағдырдың түрлі соқпағымен көз жанарынан айрылған зағип жандар үшін өмірдің әрбір сәтін, жарқыраған күнді көру олар үшін шексіз бақыт.Ауданда мүмкіндігі шектеулі жандардың мүдделерін қорғау бойынша көптеген шаралар жасалып келеді. Ауданымыздың өзінде зағиптар қоғамында бүгінде 57-дей астам жанарынан айырылған жан бар болса, олар мемлекет тарапынан соңғы кезде өздеріне жасалып жатқан әлеуметтік қолдау көрсетіліп келеді. Олар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…

0
0
182

«Nur Otan» қоғамдық қабылдау бөлемелерінің жұмыс форматына өзгеріс енгізді

«Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесі Сайлау туралы заңға сәйкес жұмыстың жаңа форматына көшті, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.Сонымен, 2021 жылдың 11 қаңтарына дейін қоғамдық қабылдауларда депутаттар мен мемлекеттік орган басшыларының жеке қабылдауларын өткізу тоқтатылды. Адвокаттардың, заңгерлердің, нотариустар мен медиаторлардың консультацияларын өткізу де тоқтатыла тұрады. Партияның жедел желілері сайлау аяқталғанға дейін тек анықтамалық ақпарат береді.Айта кетейік, жыл басынан бері «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 356 мыңнан астам өтініш келіп түскен. 177 мың мәселе оң шешімін тапты. 174 мың адамға түсініктеме беріліп, 5 мыңға жуығы орындалуда. 462 онлайн-қабылдау өткізілді.Партияның баспасөз қызметі Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қ…

0
0
136

Ленгер қаласындағы «Төлеби автобус паркі» ЖШС-де жұмыс барысымен танысу мақсатында жиын өткізілді.

«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының бекітілген желілік жұмыс кестесіне сәйкес 18.11.2020 жылы Ленгер қаласындағы «Төлеби автобус паркі» ЖШС-де жұмыс барысымен танысу мақсатында жиын өткізілді. Аталмыш мекеменің директоры Ж.Қуатбайұлы қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмысымен таныстырып, Ленгір қаласы бойынша 7 автобус, аудан көлемінде 1 автобус 4 газель, Ленгер-Шымкент қаласына 8 жаңа газель жұмыс атқарып жатқандығын атап көрсетті. Қазіргі таңда 45 қызметкер жұмыспен қамтылып, жұмыс атқаруда.

Аталмыш мекеменің бас инженер қызметкері автобус паркінің қазіргі ахуалымен және қызметкерлерімен таныстырды.

1
0
382