Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ленгер қаласындағы «Төлеби автобус паркі» ЖШС-де жұмыс барысымен танысу мақсатында жиын өткізілді.

«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының бекітілген желілік жұмыс кестесіне сәйкес 18.11.2020 жылы Ленгер қаласындағы «Төлеби автобус паркі» ЖШС-де жұмыс барысымен танысу мақсатында жиын өткізілді. Аталмыш мекеменің директоры Ж.Қуатбайұлы қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмысымен таныстырып, Ленгір қаласы бойынша 7 автобус, аудан көлемінде 1 автобус 4 газель, Ленгер-Шымкент қаласына 8 жаңа газель жұмыс атқарып жатқандығын атап көрсетті. Қазіргі таңда 45 қызметкер жұмыспен қамтылып, жұмыс атқаруда.

Аталмыш мекеменің бас инженер қызметкері автобус паркінің қазіргі ахуалымен және қызметкерлерімен таныстырды.

1
0
352

Осы тақырып бойынша