13 қараша – халықаралық зағиптар күні.
13 қараша – халықаралық зағиптар күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1992 жылдан бері аталып өтетін бұл күннің олар үшін өзіндік орны бар. Тағдыр соқпағымен маңдайына жазылған қиындыққа мойымай, жігерлі қасиетімен алға қадам басқан олардың қоғамның толыққанды бір мүшесі екенін сезінуі өзіне қайрат қосары сөзсіз. Тағдырдың түрлі соқпағымен көз жанарынан айрылған зағип жандар үшін өмірдің әрбір сәтін, жарқыраған күнді көру олар үшін шексіз бақыт.
Ауданда мүмкіндігі шектеулі жандардың мүдделерін қорғау бойынша көптеген шаралар жасалып келеді. Ауданымыздың өзінде зағиптар қоғамында бүгінде 57-дей астам жанарынан айырылған жан бар болса, олар мемлекет тарапынан соңғы кезде өздеріне жасалып жатқан әлеуметтік қолдау көрсетіліп келеді. Олар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арнайы оңалту бағдарламасы арқылы арнайы құлаққа тыңдағыш плеер, бедерлі көлемді сағат, термометр, тонометр және тифлотрос сияқты қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп отыр.
Иә,жарық дүниенің ғажайыптарын өз көзімен көргенге не жетсін? Дегенмен, бұл жандар басына түскен қиын тағдырға қарамастан, өмір сүруге деген құлшыныстарын жоғалтқан емес. Қоғамда тағдырдың сынағына ұшырағанымен, қиындыққа мойымаған жандар рухани күші мол екендігіне көзіміз жетіп келеді.
