Мазмұнға өту

Жаңа

Мүмкіндігі шектеулі жастарды қолдау мәселесі

6 қараша күні «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының қатысуымен мүмкіндігі шектеулі жастарды қолдау мәселесі бойынша инстаграм парақшамызда тікелей эфир өтті. Қазіргі таңда «Nur Otan» партиясы жүйелі жұмысын жаңғырту мақсатында түрлі ауқымды шараларды іске асырып келеді. Олардың қатарында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мемлекетіміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту тұрақты өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезінуі керек. Осыған сәйкес, ағымдағы жылдың 6 қарашасында бас сарапшы Садуакасов Жадырасын мырзаның қатысуымен «Мүмкіндігі шектеулі жастарды қолдау мәселесі» бойынша инстаграм парақшамызда тікелей эфир өтті.

0
0
152

Қарттар айлығына арналған "Времен связующая нить" челленджі. Ардагер журналист

Серік Заманұлы Шайхин. «Арқалағаны – алтын, жегені - жантақ» деп, қалам ұстаған қауым жайлы жазушы Шерхан Мұртазадан артық дөп басып ешкім айта қойған жоқ шығар. Өзгенің күйін күйттеп, мәселесінің шешімін табуына барын салатын журналистер 28 маусым күні төл мерекесін тойлайды. Жылына бір рет өткенге зер салып, қорытынды жасайтын уақыт. Атқарылған еңбекті саралап, өз дәрежесінде бағалап және осы салада қолтаңбасын қалдырған ардагер журналистерге де құрмет көрсетілетін, ал жастарға шабыт беретін әдемі мереке. Атбасар ауданында мемлекеттік тілде жарық көрген «Атбасар» газетіне ұзақ жылдар бойы редактор болған Серік Заманұлы Шайхинді көпшілік жақсы таниды. Мереке қарсаңында ардагер журналист жайлы жазып, оқырман біле бермейтін өмір жолымен таныстырсақ деп шештік. Ақпаратты Просто…

0
0
215

3 ауқымды мәселелер аясында партиялық бақылау комиссиясының мүшелерімен онлайн форматта отырыс

5 қараша күні «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» аудандық филиалы 3 ауқымды мәселелер аясында партиялық бақылау комиссиясының мүшелерімен онлайн форматта отырыс өткізді. Аталмыш шарада 3 маңызды мәселе ол тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй мәселесі және әлеуметтік қолдау. Отырыстың қатысушылары тақырыпты жан-жақты талқылап, өзара пікірлерімен бөлісті. Іс-шараға «Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалы төрағасының Бірінші орынбасары Болысбек Мұхаммеджан Әбдіәшімұлы, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Рыскалиев Болат Күлмүханұлы және партиялық бақылау комиссиясының өзгеде мүшелері қатысты.

0
0
113

Бастауыш партия ұйымы (БПҰ) төрағаларының онлайн отырысы

4 қараша күні «Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасарының қатысуымен партиялық жобаларды жүзеге асыру барысын талқылау бойынша бастауыш партия ұйымы (БПҰ) төрағаларының онлайн отырысы өтті. Онлайн кездесуде бастауыш партия ұйымдарында жүзеге асырылып жатқан партиялық жобалар туралы талқылау өтті.

0
0
166

Индустриалды парк мәселелері

2 қараша күні "Nur Otan" партиясы Нұр-Сұлтан "Алматы" аудандық филиалы "Индустриалды парк мәселелері" тақырыбында Индустриалды даму бағыты бойынша партиялық куратор комиссиясының отырысын өткізді. Индустриялық-инновациялық даму шеңберiндегi жобалардың әлеуметтiк маңызы шексiз. Бұл бағдарлама экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып қала бередi. Барлық мемлекеттiк органдар бұл жұмысты өздерiнiң негiзгi қызметi деп есептеуi тиiс. Қазiргi уақытта Индустриалдық парк нағыз өндiрiстiң қайнаған ошағына айналып келедi. Іс-шараның күн тәртібіне Нұр-Сұлтан қаласының №1 Индустриялық паркіне қызмет көрсету сапасын жақсарту туралы, "инфрақұрылым құрылысын аяқтау бойынша Жол картасын" іске асыру мәселелері қаралды. Отырысқа партиялық куратор комиссиясының мүшелері және Нұр-Сұлтан қаласы "Nur Otan" п…

0
0
384

Қақпақ Бастауыш Партия Ұйымында, Заңғар және Сырлысай елді мекендерінің өзекті мәселелері талқыланды

Қақпақ Бастауыш Партия Ұйымында, Заңғар және Сырлысай елді мекендерінің өзекті мәселелері талқыланды.Қақпақ Бастауыш Партия Ұйымында, Заңғар және Сырлысай елді мекендерінің өзекті мәселелері талқыланды.1. Қақпақ ауылы округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Абдуллаев;- Қақпақ ауылы округі, Қақпақ елді мекені тұрғындарының жыл санап халық санының өсіне байланысты, ауыл орталығынан, жер асты ауыз су қорын зерттеп, қосымша 1 (бір) скважина қазу;- Қақпақ елді мекені тұрғындарының үй іргелік жерін ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында, Заңғар тауының ішінен су жинайтын қойма (тоған) салу жұмысын қолға алу жөнінде ауыл азаматтарының өтінішін айтып өтті.2. Қақпақ ауылы округі, Сырлысай елді мекені ауыл биі У.Оразбаев; бүгінгі күннің басты талабы ауылдың санитарлық тазалығына көңіл бөліп, ел арасын…

0
0
271

"Nur Otan"партиясы –мемлекетіміздің ірі саяси партиясы.

1999 жылы елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы бойынша «Отан» партиясы атымен құрылды. «Nur Otan>>партиясының Нұр-Сұлтан қаласындағы Алматы аудандық филиалында қазіргі таңда 4 қызметкер жұмыс істейді.

Төрағасы: «Алматы» ауданының әкімі – Бектенбай Тілектесұлы Есполов, Төрағаның бірінші орынбасары: Мұхаммеджан Әбдіәшімұлы Болысбек.

«Алматы» аудандық филиалдық қызметі мен бағыты:

*қоғамның саяси өміріне қатысу;

*партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыру;

*заң шығару қызметіне қатысу.

Жұмыс уақыты: Дс-Жм жұмыс уақыты:9:00-18:30

Түскі үзіліс:13:00-14:30

Ауданның әлеуметтік желісі:

https://www.facebook.com/nurotanraion.almaty

Мекен-жайы: Тәуелсіздік даңғылы 3үй,1 қаб,10 каб.

0
0
187