Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қақпақ Бастауыш Партия Ұйымында, Заңғар және Сырлысай елді мекендерінің өзекті мәселелері талқыланды

Қақпақ Бастауыш Партия Ұйымында, Заңғар және Сырлысай елді мекендерінің өзекті мәселелері талқыланды.

Қақпақ Бастауыш Партия Ұйымында, Заңғар және Сырлысай елді мекендерінің өзекті мәселелері талқыланды.

1. Қақпақ ауылы округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Абдуллаев;

- Қақпақ ауылы округі, Қақпақ елді мекені тұрғындарының жыл санап халық санының өсіне байланысты, ауыл орталығынан, жер асты ауыз су қорын зерттеп, қосымша 1 (бір) скважина қазу;

- Қақпақ елді мекені тұрғындарының үй іргелік жерін ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында, Заңғар тауының ішінен су жинайтын қойма (тоған) салу жұмысын қолға алу жөнінде ауыл азаматтарының өтінішін айтып өтті.

2. Қақпақ ауылы округі, Сырлысай елді мекені ауыл биі У.Оразбаев; бүгінгі күннің басты талабы ауылдың санитарлық тазалығына көңіл бөліп, ел арасында бірлік пен ынтымақты сақтау, қазіргі таңда Сырлысай елді мекеніндегі бастауыш мектепте 1-4 сынып, 2-3 сыныпты қосып оқытып жатқандығы, балалардың толық білім алуына мүмкіндіктің жоқ екендігін атап көрсетіп, алдағы уақытта Сырлысай елді мекеніне мектеп салу, жолды жөндеу, көшелердегі электр бағандарын ауыстыру, ауыз су жүйесін жақсартып іске қосу жөніндегі ұсыныстарын жасады.

3. Қақпақ ауылы округі, Заңғар елді мекені ауыл биі А.Бөртебаев; Заңғар елді мекеніндегі мешіттің орналасқан жерін шешу, ауыз су скважинасын қазатын жерді белгілеп беру, «Заңғар» ЖОМ әжетқана ішіне су кіргізу, Заңғар елді мекеніндегі мед пунктті, фельдшерлік пунктке ауыстыру;

- «Заңғар» ЖОМ спорт алаңына асфальт төселген мектеп балаларының спорт ойындарын ойнауына кедергі келтіреді, осы мәселені мердігер арқылы шешу жолдарын қарастыру жөнінде ой пікірін білдірді.

4. «Қызылтаң» ЖОМ директоры К.Мұсабай; Мектепке кіретін үлкен жолдың бойына жол кедергісі белдеуін орнату, мектеп жанындағы аукцион арқылы кәсіпкерлік мақсатта сатып алған жер иесі жерін ретке келтірсе деген ұсынысын жасады.

5. Қақпақ ауылы тұрғыны зейнеткер С.Мусабаев, ауыл тұрғыны А.Алимовтар; Бейсебай бұлақ, Базарбай бұлақ, Бұлдырбай бұлақ басына қарайтын жауапты адам қою мәселесін шешу;

- Қақпақ ауылы Жамбыл, Жастар, Б.Момышұлы, Көктөбе, Қаракемер көшелеріне электр қуатының жетіспеуіне байланысты №847 КТП Шанхай электр трансформатордың орнына, қуаттылығы жоғары ток бөлгіш трансформаторын орнатып, үлкен көшенің бойын жарықтандыру жұмыстарын ауылдың етегіне дейін жеткізу жұмыстарын қолға алу жөнінде айтып өтті.

6. «Қызылтаң» ДЕ бас дәрігері Б.Алимсахов; Бұлақ көздерінен ауыз су жинайтын қоймаларға бактерицид лампаларын орнату, интернет желісін ретке келтіру, емхана есебіндегі санитарлық авто көлігінің тозығы жетуіне байланысты жаңа авто көлік бөлдіру, «Өркен» мед пунктнің орнына заман талабына сай мед пункт салу жолдарын қарастыру жөнінде ұсыныстарын жасап өтті.

7. Ауыл биі Б.Тастанбаев, ауыл тұрғыны зейнеткер А.Мамытбаев, Қ.Нұрмаханбетовтер; Карьер мәселесі, ауыл шаруашылық мақсатындағы қамыс басқан жерлерді қалпына келтіру, су жүйесі каналдың жөндеу жұмыстарының сын көтермейтіні, суармалы жерді игеруде судың бағасының қымбат екендігі, (бізде гектарына 6000 теңгеден жоғары, көрші ауданда жер иеленушілер гектарына 2000 теңгеден төлеп су пайдаланады екен),

Бастау көшесіне шағал төсеу жұмыстары қолға алу жөніндегі мәселелерді көтерді.

8. Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты Т.Мусабаев; Елді мекендердегі жаңадан енетін көшелердің сметасын жасау, күл қоқыс тастайтын полигон салуға атсалысу, газ мәселесі бойынша кең көшелерде жердің астымен, тар көшелерде жердің үстімен тарту үшін көшелердің сызбасын дайындап беру, кәсіпкерлік мақсатта жер алып игермей жатқан жер иесінің келісім шартын көтеріп жұмыс жасау, жекешеленген обьектілерді іске қосу жөнінде айтып өтті.

Қақпақ ауылы округі әкімінің м.у.а. М.Заитов кездесу барысында айтылған ұсыныс пікірлермен қатар сұрақтарға жауап беріп, ауыл арасындағы ішкі тұрақтылықпен ынтымақтастықты сақтап, алдағы уақытта Қақпақ ауылы округі көлемінде ауыл азаматтарын толғандырып жүрген өзекті мәселелердің шешу жолдарына тоқталып, атқарылып жатқан жұмыс барысымен ауыл азаматтарын хабардар етті.

0
0
234

Осы тақырып бойынша