Индустриалды парк мәселелері
2 қараша күні "Nur Otan" партиясы Нұр-Сұлтан "Алматы" аудандық филиалы "Индустриалды парк мәселелері" тақырыбында Индустриалды даму бағыты бойынша партиялық куратор комиссиясының отырысын өткізді. Индустриялық-инновациялық даму шеңберiндегi жобалардың әлеуметтiк маңызы шексiз. Бұл бағдарлама экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып қала бередi. Барлық мемлекеттiк органдар бұл жұмысты өздерiнiң негiзгi қызметi деп есептеуi тиiс. Қазiргi уақытта Индустриалдық парк нағыз өндiрiстiң қайнаған ошағына айналып келедi. Іс-шараның күн тәртібіне Нұр-Сұлтан қаласының №1 Индустриялық паркіне қызмет көрсету сапасын жақсарту туралы, "инфрақұрылым құрылысын аяқтау бойынша Жол картасын" іске асыру мәселелері қаралды. Отырысқа партиялық куратор комиссиясының мүшелері және Нұр-Сұлтан қаласы "Nur Otan" партиясы елордалық филиалының бірінші орынбасары Каналимов Ерлан Ермекұлы. Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Кулушев Төлеген Базарбайұлы. "Астана-Технополис"АЭА басқарушы компаниясының басшысы Досказиев Бахытжан Халиұлы. ТОО SelenaInsulation бас директоры Байсарина Гульнара Заипқызы тағы басқа құзырлы мекемелер өкілдері қатысты. Сондай ақ, комиссия мүшелері ҚР Парламентіне "Индустриялық даму" бағыты бойынша партиялық кураторға 2021 жылы "ЖК 1 инфрақұрылым құрылысы жобасын аяқтауға қаражат бөлу туралы" шешім қабылдап, ҚР Парламентіне және инвестициялар даму министірлігі 2021-2023 жылдары "ЖК 1 инфрақұрылым құрылысы жобасын аяқтауға қаражат бөлу туралы" хат ұсынды. Шара барысында комиссия мүшелері «Индустриалды парк» аумағын аралап, жүзеге асып жатқан жаңа жобалармен танысты. Аталмыш отырыстың соңында барлық комиссия мүшелері алдағы жиынның уақытын белгілеп, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.
