Мазмұнға өту

Жаңа

Дәріханалардағы баға бақылауда

"Nur Otan" партиясы Кентау қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясы мүшелері мен Кентау қалалық "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Қ.Бекметов және арнайы мониторингтік топ мүшелері дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасына бақылау жасады.

0
0
272

Ағартушы әрі руханият абызы, Пір Бекет Ата Мырзағұлұлының 270 жылдық мерейтойы құтты болсын.

Ағартушы әрі руханият абызы, Пір Бекет Ата Мырзағұлұлының 270 жылдық мерейтойы құтты болсын.Бекет Ата ғибратты ғұмыр кешкен, ел арасында әулие атанған тарихи тұлға екені аян. Ол халқымызға жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды таратып, ізгілік дәмін септі. Имандылықтың ұстынына айналған Бекет Атаның рухани мұралары әрдайым жас ұрпаққа ұлағат болып келеді.Бекет Атаның 270 жылдық мерейтойына орай, ұлттық ат спорты түрлерінен қалалық ашық турнир өтті. Бәйге, ат дүбірі десе қозбайтын қазақ жоқ. «Бақ шаба ма, бап шаба ма?» бағы мен бабын қатар сынауға келген әуесқой шабандоздарымыз жиналған әлеуметтің көңілінен шығып, бір марқайтып алды. Бұр бір жағынан атқұмарлардың бәйгенің мән, маңызын және мерейтой қызығын үстеу шарасы болса, екінші жағынан жағынан жүйріктерді сұрыптау, жүзден жүйрік,мыңнан…

1
0
149

Партия қатары толықты

Ауылшаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай, партия филиалының мәжіліс залында “Jas Project” жобасының жеңімпазы, бүгінгі таңда ешкі шаруашылығын дамытуды қолға алған Р.Саинов партия қатарына қабылданды.

Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Муханов ауылшаруашылығының дамуына өз үлесін қосып жүрген Р. Саиновты мерекемен құттықтап, ақ жол тіледі.

1
0
160

«Асыл – әже!» сайы өтті

«Асыл – әже!» атты тақырыпта қаламыздың белсенді әжелері арасында онлайн сайыс өтті.

Сайыстың негізгі мақсаты - жас ұрпақты ата - баба дәстүрімен тәрбиелеп, эже тәрбиесін үлгі ету. Әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану. Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу. Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету болып табылады.

Сайыстың шарты бойынша әрбір қатысушы өзін және отбасын таныстыру, өнер сайысында халық әндерін шырқау, сал-дәстүрден көрініс көрсету бойынша ұршық иіру, «Сыр сандық» сұрақ-жауап айдарында салт-дәстүрге байланысты қойылған сұрақтарға жауап беру болды.

Сайыстың қорытындысы бойынша достықтың жеңгенін алға тартып, әжелер өз ризашылықтарын білдірді.

0
0
247

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы.

Қобда ауданы бойынша «Nur Otan» партиясы жанындағы аудан әкімі Б.Құлов бастаған партиялық бақылау тобы 24.08.2020ж кезекті рейдке шыққан болатын. Аталған топ аудандық орталық аурухананың жағдайымен танысып, аурухана жанындағы ( бұрынғы инфекциялық бөлімшесі ) бөлек тұрған ғимараттың жөндеу жұмыстарын көріп шыққан еді. Жөндеу жүргізіп жатырған мердігерлермен сөйлесіп, жөндеу жұмыстарының сапасына көңіл бөлуін тапсырды. Сонымен қатар ғимарат айналасын абаттандыру мен жаяу жүрушілерге арналған тротуарлар салынған болатын. Бас дәрігерінің орынбасары Құрмашева Анаргүлдің айтуынша аталған ғимараттың жөндеу жұмыстары аяқталуға жақындап қалды. Қазіргі таңда мердігерлер тиісті құралдар мен қажетті жабдықтарды толығымен жеткізіп,ғимараттың бірінші және екінші қабатының ішкі жарларын тегістеу жұмыст…

0
0
376

Қаланың жылу жүйесінің мәселесі тыңдалды

Қаланың жылу жүйесінің мәселесі тыңдалдыБүгін «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылған жиынға партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, «Өзен Жылу» коммуналдық мекемесі басшысының орынбасары А. Рубилов, «Өзенғимаратсервис» жеке пәтер иелері кооперативі қауымдастығының президенті Т.Тауымбаев және пәтер иелері кооперативінің төрағалары қатысты.Күн тәртібінде қаламыздағы өзекті болып отырған жылу мәселесінің бүгінгі таңдағы жай-күйі тыңдалды. Айта кету керек, қазан айы басталғалы үйлерінің жылу жүйелері мардымсыз жұмыс жасап тұрған «Самал» және «Көктем» шағын ауданы үйлерінің жылыту құбырлары жөндеуді қажет етеді. А. Рубилов бүгінгі таңда қаражат жинап құбырларды ауыстыруға өтініш берген тұрғындардың ү…

0
0
118

Абай Құнанбайұлы 175 жыл

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай "Nur Otan" партиясы жанынан құрылған "Jas Otan" ЖҚ Бейнеу аудандық бөлімшесі төрағасы Ш.Ізтелиев пен Ә.Бақыт оқыған Абайдың "Жүректе қайрат болмаса", "Ауру жүрек соғады ақырын жәй" өлеңдері

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=963063890768129&id=100011935813663

1
0
123