Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ағартушы әрі руханият абызы, Пір Бекет Ата Мырзағұлұлының 270 жылдық мерейтойы құтты болсын.

Ағартушы әрі руханият абызы, Пір Бекет Ата Мырзағұлұлының 270 жылдық мерейтойы құтты болсын.

Бекет Ата ғибратты ғұмыр кешкен, ел арасында әулие атанған тарихи тұлға екені аян. Ол халқымызға жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды таратып, ізгілік дәмін септі. Имандылықтың ұстынына айналған Бекет Атаның рухани мұралары әрдайым жас ұрпаққа ұлағат болып келеді.

Бекет Атаның 270 жылдық мерейтойына орай, ұлттық ат спорты түрлерінен қалалық ашық турнир өтті. Бәйге, ат дүбірі десе қозбайтын қазақ жоқ. «Бақ шаба ма, бап шаба ма?» бағы мен бабын қатар сынауға келген әуесқой шабандоздарымыз жиналған әлеуметтің көңілінен шығып, бір марқайтып алды. Бұр бір жағынан атқұмарлардың бәйгенің мән, маңызын және мерейтой қызығын үстеу шарасы болса, екінші жағынан жағынан жүйріктерді сұрыптау, жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар шығаруда. Жүйрік болған щабандоздар жүлделі орындарға ие болды!

Аңызға айналған ақиқат пен ақиқатқа бергісіз аңыз астасып жатқан тылсым дүниелерге толы киелі аймақ – Маңғыстау сан ғасырдан бері өзінің табиғи ғажайыптарымен адам баласын таң қалдырумен келеді. Сондықтан бұл өңірде бірде аспан астындағы ашық музей, бірде қазыналы арал деп атайды. Руханият абызы, ерекше қасиет иесі, Пір Бекет Ата қорғаған киелі ұлан даламыздың өрісі – малға, ауыл-қаласы – жанға толғай. Алла жар болып, Пір Бекет Ата қолдап, Еліміз, Елбасымыз аман болып, Тәуелсіз Қазақстанымыз дамудың жаңа биіктеріне көтеріле бергей!

1
0
123

Осы тақырып бойынша

Ағартушы әрі руханият абызы, Пір Бекет Ата Мырзағұлұлының 270 жылдық мерейтойы құтты болсын. - Yvision.kz