Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қаланың жылу жүйесінің мәселесі тыңдалды

Қаланың жылу жүйесінің мәселесі тыңдалды

Бүгін «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.

ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылған жиынға партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, «Өзен Жылу» коммуналдық мекемесі басшысының орынбасары А. Рубилов, «Өзенғимаратсервис» жеке пәтер иелері кооперативі қауымдастығының президенті Т.Тауымбаев және пәтер иелері кооперативінің төрағалары қатысты.

Күн тәртібінде қаламыздағы өзекті болып отырған жылу мәселесінің бүгінгі таңдағы жай-күйі тыңдалды. Айта кету керек, қазан айы басталғалы үйлерінің жылу жүйелері мардымсыз жұмыс жасап тұрған «Самал» және «Көктем» шағын ауданы үйлерінің жылыту құбырлары жөндеуді қажет етеді. А. Рубилов бүгінгі таңда қаражат жинап құбырларды ауыстыруға өтініш берген тұрғындардың үйлерінің құбырларын ауыстыру жұмыстарының жүргізіліп жатырғандығын, алдағы он бес күннің ішінде жылу берілетіндігін айтып өтті.

Жиын соңында пәтер иелері кооперативтері өкілдерімен сұрақ-жауаптар алмасылды. Тұрғындарды жылуымен қамту мәселесі партиялық бақылау комиссиясының бақылауында екендігі айтылып, тиісті ескертулер берілді.

Осы тақырып бойынша

Қаланың жылу жүйесінің мәселесі тыңдалды - Yvision.kz