«Асыл – әже!» сайы өтті
«Асыл – әже!» атты тақырыпта қаламыздың белсенді әжелері арасында онлайн сайыс өтті.
Сайыстың негізгі мақсаты - жас ұрпақты ата - баба дәстүрімен тәрбиелеп, эже тәрбиесін үлгі ету. Әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану. Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу. Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету болып табылады.

Сайыстың шарты бойынша әрбір қатысушы өзін және отбасын таныстыру, өнер сайысында халық әндерін шырқау, сал-дәстүрден көрініс көрсету бойынша ұршық иіру, «Сыр сандық» сұрақ-жауап айдарында салт-дәстүрге байланысты қойылған сұрақтарға жауап беру болды.

Сайыстың қорытындысы бойынша достықтың жеңгенін алға тартып, әжелер өз ризашылықтарын білдірді.
