"Жастардың таңдауы - выбор молодежи"Әр халықтың тіршілік тірегіне байланысты түрліше әрекет тәсілі, өнер тапқырлықтары болған. Соған тектес тұрмыстық қимыл тәсілдері бірте-бірте кемелденіп, сол халықтың салттық дәстүріне, әдет-ғұрпына сіңісіп, өнер үлгілеріне айналып отырған. Мұндай салттық, тұрмыстық өнер үлгілері қазақ халқының тұрмысында көптеп ұшырасады. Әдетте біз көп жағдайда елеп ескермеген аңшылық, құсбегілік, кестешілік , ою-өрнек сияқты өнер түрлерінің , қазақ мәдениетінің жауһарына айналып отырғанын басқа халықтар терең тани бастады. Қазақтың сол телегей теңіз мәдениетінің ішінде денетәрбие қимылы тобынан табылатын, сайыс әрекет қимылымен орындалатын өнер түрлерінің бірі асау үйрету дер едік.Асау үйрету өнері ұлтымыздың тіршілік тірегіне байланысты туындаған, сайыс қимылына тол…