"Жастардың таңдауы - выбор молодежи"
"Жастардың таңдауы - выбор молодежи"
Әр халықтың тіршілік тірегіне байланысты түрліше әрекет тәсілі, өнер тапқырлықтары болған. Соған тектес тұрмыстық қимыл тәсілдері бірте-бірте кемелденіп, сол халықтың салттық дәстүріне, әдет-ғұрпына сіңісіп, өнер үлгілеріне айналып отырған. Мұндай салттық, тұрмыстық өнер үлгілері қазақ халқының тұрмысында көптеп ұшырасады. Әдетте біз көп жағдайда елеп ескермеген аңшылық, құсбегілік, кестешілік , ою-өрнек сияқты өнер түрлерінің , қазақ мәдениетінің жауһарына айналып отырғанын басқа халықтар терең тани бастады. Қазақтың сол телегей теңіз мәдениетінің ішінде денетәрбие қимылы тобынан табылатын, сайыс әрекет қимылымен орындалатын өнер түрлерінің бірі асау үйрету дер едік.
Асау үйрету өнері ұлтымыздың тіршілік тірегіне байланысты туындаған, сайыс қимылына толы өнер түрлерінің бірі. Асау үйрету өнері мал шаруашылығымен айналысқан халықтарға тән.
Асау үйрету бағыты, жастардың өзге қызығушылықтары, асауды құрықтау сынды спорттың бір өнері ауылымызда да жылдан жылға даму үстінде. Жас балдырған балалар, болашақ асау үйретуді қолға алмақ данышпандар асау үйрететін мызғымас батылдығына, әдіс – амалына, ер жүректігіне қызыға қарап тамашалап, бойына өр-рух пен намысты, жауапкершілікті сезінердей.
#Жастардыңтаңдауы
#Выбормолодежи
#Оянауылыжастары
