Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Жастар таңдауы"

"Жастар таңдауы"

Бүгінде жастарға көптеген көмек көрсетілуде. Жастарға арнап "Жастар жылы" өткенін де білеміз. Көптеген жастар спорт, өнер, кәсіп ашу жолында тынбай еңбек етуде.

Спортпен айналысуға қолайлы жағдай тудыру мақсатында еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі ғимараттар бой көтеруде. Өзіміздің ұлттық ойындарды кеңінен насихаттау мақсатында көптеген үйірмелер ашылуда.

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында түрлі оқушылар орталықтары, коворкинг орталықтары және т.б. ашылуда.

Қазіргі уақытта жастар жеке кәсібін ашуға көптеп көңіл бөлуде. Бұл жағынан "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы, "Даму" орталықтары және түрлі бағыттағы жастар орталықтарының орны ерекше. Ауылдық жерде мал өсіріп, оны көбейтіп өз шаруаларын дөңгелетуде. Үкімет саласынан бөлінетін субсидиялардың да шаруаларға берер көмегі зор.

Жастардың таңдауы-адал еңбек!

#ЖастарТаңдауы

#ВыборМолодежи

#TASQALA_JASTARY

#АмангелдіЖастары

Осы тақырып бойынша

"Жастар таңдауы" - Yvision.kz