"Жастардың таңдауы - выбор молодежи"
"Жастардың таңдауы - выбор молодежи"
“Ел іші - өнер кеніші” демекші, бізде өнерлі жастар көп-ақ. «Бұлақ көрсең – көзін аш», дейді дана халқым. Сол себепті өз басым оқушыларының арасында жиі болып, өнерге бейімді жастарды тартып, білім ошағына сабақтан тыс музыкалық білім алуға шақырып, ұлттық аспабымыз домбыра туралы бағыт-бағдар беріп, үйретудемін. Домбырамызды насихаттау, ұлттық өнерді келешек буынға үйрету мақсатында мектеп жанынан үйірме ашып, оқушыларды домбыраға бейімдеудемін. Үйірменің бағыт-бағдары мен мақсаты зор. Ең алдымен мәдениеттілік пен эстетикалық тәрбиеге және тәртіпке үйретеміз. Балалар біздің болашағымыз. Сондықтан олардың жан-жақты тұлға ретінде қалыптасуы үшін біліммен қатар өнер және спорт үйірмелеріне қатысуын қамтамасыз ету әрбір ата-ананың борышы әрі парызы екендігі ақиқат.
М.Еслашев
ЖББ Оян орта мектеп "бөбекжай-бақша-кешенінің" тәрбие ісінің орынбасары
#Жастардыңтаңдауы
#Выбормолодежи
#Оянауылыжастары
