Мазмұнға өту

Жаңа

Белсенді азамат

Ұстаздық еткен жалықпас Ұстаз – ұлы есім, мектептің тірегі - мұғалім. Ұстаз әр оқушының қабілетіне қарай бағдар беріп, жөн сілтейді. Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың тағдыры – ұстанымы мықты ұстаздың қолында. Осы айтылғандай Сүндетов Қайрат Қуанович Достық ауылы білім ошағы ЖОББ Достық «мектеп-бөбекжай-бақша» кешенінде ұзақ жылдардан дене шынықтыру пәні мұғалімі қызметін атқарып келеді. Дене шынықтыру сабағы оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге септігін тигізеді. Еңбекқор ұстаз Қайрат Қуанович өз пәнін және бокс үйірмесін жүргізеді. Үйірме барысында еңбегіне еш ақы талап етпей, уақытпен санаспай шәкірттеріне осы спорт түрінің қыр-сырын жалықпай үйреткен бапкер қандай марапатқа да лайық. Жас спортшы шәкірттері - облыстық, республикалық жарыстардың жүлдегері, же…

0
0
172

Арнаулы оқу орындарына мониторинг жүргізілді

Бүгін Арал қаласындағы орналасқан екі арнаулы оқу орындарына мониторинг жасалды. Мониторинг жұмыстарына аудандық партиялық бақылау тобының төрағасы Бөлекбаев Амангелді, Саяси кеңес мүшесі Бисембаев Темір, саяси жастар белсендісі Сабырбай Ержан қатысты.

Бақылау жұмыстары барысында Арал көпсалалы колледжінің жатақханасының жөндеу жұмыстарының сапалы орындалуына басты назарға алынды.

0
0
158

Аудандағы дәріханаларға мониторинг жүргізілді

Аудандық партиялық бақылау комиссия төрағасы А.Алтыбаев мүшелері Д.Губайдуллин мен Ж.Бекқожина Миялы ауылындағы дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасына мониторинг жүргізді.

Мониторинг және рейд кезінде дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің қол жетімділігі мен бағалары бекітілген атаулар бойынша қарастырылды. Рейд кезінде байқалғаны- аудан орталығындағы дәріханаларда алдыңғы аймен салыстырғанда пневмония мен коронавирус инфекциясын емдеуге қажет дәрі-дәрмектердің түрлері көбейген және бағасы да бекітілген шекті бағадан асып тұрмағаны анықталды. Қазіргі кезде дәріханаға келушілер саны да азайған, кезек жоқ.

0
0
134

Жыл басынан бері жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан...

Жыл басынан бері жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алушылардың саны 82,1 мың адамды құрады, бұл ретте 10 489 азаматқа төлем ағымдағы жылғы қазан айында тағайындалды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/125935...***С начала года численность получателей социальной выплаты на случай потери работы из Государственного фонда социального страхования составила 82,1 тыс. человек, при этом 10 489 гражданам выплата на…

0
0
166

Партиялық бақылау комиссия отырысы

Аудандық партия филиалында Партиялық бақылау комиссия отырысы өтті. Отырысты Партиялық бақылау комиссия төрағасы Айбар Алтыбайұлы жүргізді.

Комиссия отырысында «Қазақстан-2021.Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды Бағдарламасының Қызылқоға, Ойыл ауылдық округтерінде жүзеге асырылу жәйі және аудандағы проблемалық мәселесі бойынша бруцеллездің алдын алу жөніндегі есептері тыңдалды.

0
0
146

БҚО-да жаңа санитарлық қаулы қабылданды.

Облыстың Бас санитарлық дәрігері М. Арыспаевтың жаңа қаулысы шықты. Қаулыға сәйкес БҚО аумағындағы карантиндік шараларға байланысты мынандай өзгерістер енгізілді.

Жабық базарлар, сауда орталықтары сенбі күні ашық болады. Бірақ жексенбі күні және мерекелік күндерде жұмыс жасай алмайды;

Ашық базарлар сенбі және жексенбі күндері де жұмыс жасайды;

Қоғамдық көліктер сенбі күні жұмыс жасап, жексенбі күні қозғалысына шектеу қойылады;

Келесі аптадан бастап барлық санитарлық бекеттер алынады;

Дәмхана және мейрамханалардың сенбі және жексенбі күндері жұмыс жасауына рұқсат берілді;

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының мәліметінше, біздің облыс қазір сары аймақта.

0
0
149

Ақтөбе облыстық филиалының кезектен тыс XXX конференциясы.

Мәжіліске Ақтөбеден 4 үміткер тіркелді. Мәжілістегі партиялық тізімге Ақтөбе облысынан ұсынылған үміткерлердің ішінде жастар және медицина қызметкері бар. Олар партияның Ақтөбе облыстық филиалының кезектен тыс XXX конференциясында пікірсайыс пен дауыс беру қорытындысы арқылы анықталды. Конференция барысында Мәжіліске Nur Otan-ның партиялық тізіміне үміткерлер арасында пікірсайыс өтті. Олар өз сайлауалды бағдарламасы бойынша мәселелерді шешу жолдарын ұсынып, бір-біріне сұрақтар қойды. Пікірсайыс қорытындысы бойынша 15 үміткерге «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы 109 делегат дауыс берді. Нәтижесінде ең көп ұпай жинаған төртеуі облыстың өкілдік квотасына сәйкес Мәжілістегі партиялық тізімге үміткер ретінде енді. Атап айтқанда, грек-рим, еркін және әйелдер күресі облыстық федерациясының пре…

0
0
201