Партиялық бақылау комиссия отырысы
Аудандық партия филиалында Партиялық бақылау комиссия отырысы өтті. Отырысты Партиялық бақылау комиссия төрағасы Айбар Алтыбайұлы жүргізді.
Комиссия отырысында «Қазақстан-2021.Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды Бағдарламасының Қызылқоға, Ойыл ауылдық округтерінде жүзеге асырылу жәйі және аудандағы проблемалық мәселесі бойынша бруцеллездің алдын алу жөніндегі есептері тыңдалды.
